{metadescription}
Дәрігерлерден 32 миллион бопсалаған – Түркістан облысы
Дәрігерлерден 32 миллион бопсалаған – Түркістан облысы

Дәрігерлерден 32 миллион бопсалаған – Түркістан облысы

Түркістан облысында ақ халаттылардан 32 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды. Қос азамат Жетісай мен Мақтарал аудандарындағы медициналық мекемелердің басшыларынан жалған ақпаратты жалпыға жаймас үшін қомақты ақша талап еткен.

Оңай олжаға дәніккендер кезекті рет ақша алып жатқан кезде қолға түсті. Оларды ұстау үшін полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы да тартылды. Күдіктілердің бірі кафеде қомақты ақшаны шытырлатып санап жатқан сәтте құрықталса, екіншісі Шымкентте ұсталды.

Полицейлердің айтуынша, қылмыстық топ өкілдері ауруханалардың қаржылық қызметі туралы мәліметтерді қолдан жасап, оны әлеуметтік желілерге жария етеміз деп қорқытады екен. Оның бірі блогер болса, екіншісі медицина мекемесінің қызметкері деген ақпарат бар.

Десе де құзырлы орындар бұл туралы әзірге толық ақпарат берген жоқ. Бопсалап байымақ болғандар уақытша тергеу абақтысына жабылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.