{metadescription}
Алматыда ескі үй мен жаңа ғимарат тұрғындары жаға жыртысты
Алматыда ескі үй мен жаңа ғимарат тұрғындары жаға жыртысты

Алматыда ескі үй мен жаңа ғимарат тұрғындары жаға жыртысты

Алматыда ескі үй мен жаңа ғимарат тұрғындары екіге бөлініп жаға жыртысты. Олар 60 жылдық тарихы бар апатты үйлерді сүру мәселесін жылдар бойы шеше алмай келеді. Бірі тозығы жеткен баспананың орнына жаңа ғимаратты салып берсін десе, екінші жақ қирап жатқан үйлердің орнына саябақ салсын дейді.

Қос тараптың пікірі екіге жарылғасын, әкімдік те қауқарсыз.

Достық даңғылының бойында орналасқан үйлер 1961 жылы салынған. Жарты ғасырдан асқан баспананың қабырғасы қақырап, сылағы сыпырылып жатыр. Апатты жағдайдағы алты үйдің тұрғындары баспаналарын сүріп, орнына жаңа пәтер салып беруді сұрап отыр. Құрылыс компаниясы да бұл шешімді құптап, жоспарын да көрсетіпті. Алайда көпқабатты көрші үйдегі тұрғындар жапсарлас жаңа үйдің салуына қарсы шығыпты. Тіпті жаман үйлер ауданымыздың сәнін бұзды деп, орнына саябақ салуды сұрап қол жинауға кірісіпті. 

Райхан Хасанова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жұмыс жүрмей жатқаны әкімдіктен рұқсат болу керек. Сол рұқсатты бермей отырғаны – белсенділер шығып жатыр. Олардың мақсаты –  саябақ салдыру. Ал бізге Қапшағайдан барып, сол жақтан үй аласыңдар деп кекетіп отыр.

Алтынай Нұғманова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Біздің жанжағымызда жаңа үйлер тұр. 1990, 1997, 2000-шы жылы салынған үйлердің тұрғындары. Бізді тек балағаттап, мына үйлерде тұра алмайтын адамдар деп, мына үйден шақсын, мына жерге үкмет  саябақ салсын дейді.

Базынасын айтқан жұрттың жиынына сол маңдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары да келді. 20 жылдан бері ортақ келісімге келе алмай жүрген тараптардың жанжалы төбелеске ұласты.

Жедел жәрдем мен полицейлер де жетті. Пікірі қақ жарылған әйелдер ақыры бір-бірінің үстінен жаппай арыз жазып тарқасты. Көпқабатты үй тұрғындары қаланың көркін қашыратын баспананы сүруді қолдап отыр. Орнына саябақ салып, ал тұрғындарына аулағырақ жерден учаске беріп, көшіріп жіберуді қалайды екен. 

Ақыл Отарбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Біздің қалауымыз, бұл жерде тығыз 312 қабат салмау керек. Бұл үш үйлерге жаңғырту жасап, орталықта саябақ жасау керек. Ана жақтағы апатты үйлер. 25 үй, 18 сотық, оларға үкімет өтемақы беру керек. Осы жерде өте көп жаңа үйлер салынған. Олардың көбі бос. Сол үйлерден бұларға үй беру керек.  

Ал шенділер ескі үйдің тұрғындарын қолдап отыр. Байбалам салып жатқан тұрғындарға бола жоспардың өзгермейтінін жеткізді. 

Алмасхан Ахмеджанов, Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы:

- Қазір оларды қолдаймыз. Олар да Алматының тұрғындары. Жаңа ғимаратта тұруға хақысы бар. Сол себепті оларға бізден көмек болады. Бірақ сол жерде қалатындар сол жерде тұрады. Жаңа ғимарат бәрібір салынады. Ескі ғимаратқа жөндеу жасай алмайсың. Заң бойынша бізге келісім алу керек. Маңайында тұрған тұрғындарға көрсетіп. Бірақ алдымен сұрақтарын тыңдап аламыз. Сол сұрақтарды шешіп берсе, қазіргі GAB Construction деген компания. Тек қана сол кезде рұқсат бере аламыз.

Енді ескі үйдің орнына жаңа ғимарат салу мәселесі бойынша келесі айда қоғамдық талқылау өтпек. Онда құрылыс компаниясы тұрғындарға жобасы мен алдағы жоспарын көрсетеді. Егер жұрттың басым бөлігі құптаса, құрылыс басталып, биік ғимаратты тоғыз айда салып бітірмекші. Ал апатты баспананың тұрғындары бұрынғы тұрған пәтерінің шаршы метріне сәйкес жаңа үйден ауданы сондай баспанаға көшеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.