Экс-министр Мұрат Бектановтың қамау мерзімі ұзартылды
Тағы бір экс-министр Мұрат Бектановты қамау мерзімін сот 20-маусымға дейін ұзартты. Бұрынғы қорғаныс министрі қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған болатын. Оған қатысты "биліктегі әрекетсіздік" бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
30.05.2022
Генерал үш айдан бері тергеу изоляторында отыр. Мұрат Бектанов Жамбыл облысындағы әсери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі болып тағайындалған.
Генерал-лейтенант бар болғаны алты ай министр болып жұмыс істеді. Қаңтардағы бейберекетсіздіктен кейін президент оны қауіп-қатерді тойтаруда «командирлік қабілетіңді көрсете алмадың» деп сынаған. Көп ұзамай қызметінен босатылды. Себебі: жаппай тәртіпсіздік кезінде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ұлттық Ұлан мен полицейлерге ғана жұмылған. Ал қиын-қыстау шақта Қазақстанның қарулы күштерінің немен айналысқаны беймәлім. Бұл жайттар енді тергеу барысында анықталмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!