Референдум: Халықаралық ұйымдардан 258 бақылаушы қадағалайды
5-маусымда өтетін референдумды түрлі халықаралық ұйымдардың атынан 258 бақылаушы қадағалайды. Бүгін сол шетелдік бақылаушылардың тіркелуі аяқталды.
Автор: Әзиза Төленби
30.05.2022
Олар дауыс беру күні Қазақстанның әр түпкіріндегі учаскелерге барады. Бақылаушылар халықаралық ұйымдар мен өзге елдерден тіркелген. Көбі ТМД парламентаралық ассамблеясынан келеді.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Түркі тілдес елдердің ұйымы да өз өкілдерін жіберуге ниет білдірген. Жалпы саны 8 ұйым мен 11 елден өкіл бар.
Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қатысты жалпыхалықтық референдум алдағы жексенбіде өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!