{metadescription}
Алматы метросында екі станция ашылды
Алматы метросында екі станция ашылды

Алматы метросында екі станция ашылды

Екі жыл кешігіп екі станция ашылды. Алматы метрополитені бүгін үш шақырымға ұзарып, екі бекет пайдалануға берілді. Енді «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станциясы – қазір қызмет етіп жатқан тоғыз бекеттің жалғасы.

Шеткі аудандармен жерасты қозғалысы жанданған соң метромен қатынайтын жолаушылар саны 85 мың адамға жетеді деп күтілуде. Метроның жалпы ұзындығы 13 жарым шақырым.

2015 жылы құрылысы басталған қос бекет араға жеті жыл салып халыққа қызмет етуге бүгін кірісті. 2020 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Алайда пандемияға байланысты кейінге қалды. Қала орталығы мен шеткі аудандарды байланыстыратын екі станцияның ашылуына қала әкімі Ерболат Досаев қатысты. Айтуынша, метро шаһардың әлдеқайда жайлы болып, жол қозғалысының реттелуіне септігін тигізеді деп сендірді. 

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Көп күткен жаңа екі станция. Бүгін ашылайын деп жатыр. Мына жерде барлығымыз жиналғаннан кейін көбіміз енді түсінбейміз ғой. Барлық нәрседе жұмыстарыңыз жердің астында болды. Қанша жыл өтті. Қандай қиыншылық көрдіңіздер. Екі станцияға 200 жаңа жұмыс орны ашылды.

Метро пойызы "Мәскеуден" кейінгі "Сарыарқа" станциясы Абай даңғылы бойында Алтынсарин мен Саин көшелері аралығындағы парк маңында аялдайды. Ал «Бауыржан Момышұлы» бекеті Абай мен Момышұлы көшесінің қиылысында. Алғашында «Достық» атауы берілуі тиіс станцияға қатысты біраз дау туындаған. Артынша қоғамдық талқылауға түсіп, Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Он бірінші бекет әзірге соңғысы болып саналады.

Дастан Ержекенов, "Алматыметроқұрылыс" АҚ  тау-кен департаментінің директоры:

- 2020 жылы беру керек болатын. Пандемия болды. Одан кейін сүрілді. Сондай мәселелермен екі жылға созылып кетті. Қауіпсіздік технологиясының 24 автоматикасы қолданылады. Алматыда жер сілкінісі жиі болғандықтан, бұл жерде жобалау жұмысында ол ескерілген. 9 баллға дейін жобалауда ескеріліп, қазір мына станцияларда деформационно жоқ дейді.

Екі жаңа станция іске қосылғаннан кейін метро желісінің  ұзындығы үш шақырымға ұзарған. Яғни жерасты жолының жалпы ұзындығы 13,4 шақырым. Желі бойына 7-10 минут сайын жүретін төртвагонды 15 электр пойызы жіберілген. Бұл жаңалыққа әсіресе жақын маңда тұратын жұртшылық қуанды.

Нұрқыз Рамазанова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жетісу 1-де тұрамын. Сол үшін қашан ашылады деп күттік. Енді бұл үлкен жақсылық. 2 миллион қаланың азаматтарына. Немерем балабақшаға барады. Бір немерем мектепке барады. Тіпті жақсы. Атааналары жұмысқа бара береді. Мен енді асықпай немелерімді метромен жеткіземін. Енді немерелерімді, бұйырса, тасимын.

Қазір де метро желісін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылы «Қалқаман» станциясының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Артынша батыс бағытта «Барлық» базарына дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.