{metadescription}
Өскеменде бес қабатты тұрғын үй жарылыстан қирап қалды
Өскеменде бес қабатты тұрғын үй жарылыстан қирап қалды

Өскеменде бес қабатты тұрғын үй жарылыстан қирап қалды

Өскеменде газ-ауа қоспасы жарылған бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасы қирап қалды. Оқыс оқиғадан бір адам зардап шеккен. Денесі оңбай күйген 33 жастағы жігіт ауыр халде ауруханада жатыр.

Жарылыс бірінші қабаттағы пәтерде жөндеу жұмысы жүріп жатқанда болған. Қысымның қаттылығы сонша, барлық пәтердің терезелері тас-талқаны шығып қирады. Тіпті бөлмелерді бөліп тұратын қабырғалары қақырап, есіктері де зақымдалған. Құтқарушылар жеткенше көпқабатты үйден 17 адам қашып шығып үлгерген. Ал 13 адамды  құтқарушылар алып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде