Қазақ халқы нәубет жылдарында қасірет шеккендерді аза тұтып жатыр
Бүгін Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1997 жылы бекітілген бұл күнге орай өңірлерде қаралы жиын өтіп, нәубет жылдарында қасірет шеккендерді қазақ халқы аза тұтып жатыр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
31.05.2022
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Сталин режімінен қасірет шеккендерге арналған монументке гүл шоғын қойып, марқұмдардың рухына құран бағыштады. Іс-шараға зұлмат жылдары залал көрген отандастарымыздың жақындары мен туыстары шақырылды.
Жалпы 1929 жылдан 1953 жылға дейін, дәл Сталин билік еткен тұста Кеңес одағында 40 миллионнан астам адам қырылған. Соның ішінде, миллиондаған қазақ аштан өлді.
130 мыңнан астам ұлт зиялысы репрессия құрбаны болды. Көбі жер аударылып азап шеккен, қалғаны оққа ұшқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!