{metadescription}
Азып-тозған ерлі-зайыптылар төңкерілген бос қазанды құшақтап жатыр …
Азып-тозған ерлі-зайыптылар төңкерілген бос қазанды құшақтап жатыр …

Азып-тозған ерлі-зайыптылар төңкерілген бос қазанды құшақтап жатыр …

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына бүгін Қарағандыда ескерткіш қойылды. Қасіретті жылдардан хабар беретін мүсін шетелдегі қазақтардың қаражатына жасалған. 

Әбден азып-тозып қалжыраған ерлі-зайыптылар төңкерілген бос қазанды құшақтап жатыр. Басқа қимылға шама-шарқы жоқ. Аштық құрбандарына қойылған ескерткіштің негізгі идеясы. Болшевиктер ұжымдастыруды желеу етіп, Кеңес үкіметіне қырын қараған қазақты аштан қатырып, айдауға көндірді. Соның салдары ұлттық трагедияға ұласып, миллиондаған адамның өмірі қиылған.

Нақты сан әлі күнге айтылған емес. Мұрағаттардағы көп деректің құпиялылығы алынбаған. Еуропадағы қазақтардың «Наурыз» қоры нәубет құрбандарына ескерткіш қою идеясын 5 жыл бұрын көтерген. Ақыры, аштық құрбандарын еске салатын мүсінді Арқа төсіне орнату мәселесі бүгін мәресіне  жетті.

Серік Тұрсын:

Қазақтың ең көп қырылған жері Сарыарқа жері ғой. 4 жарым миллион деген ақпарат бар, 25 мың адам атылған деген ақпарат бар, 100 мың адам Сібірге айдалған деген ақпарат бар. Менің аталарым да солардың ішінде болған. Мен бұл ақпаратқа сенемін. Қарағанды Қазақстанның орталығы орта жері, сондықтан жанжақтан бәріне келуге, кетуге тиімді деп ойлап, осы Қарағандыға әкеліп қойдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде