{metadescription}
0:000:00
Облыс тұрғындарына Шымкенттен үй алуға тыйым салған

Облыс тұрғындарына Шымкенттен үй алуға тыйым салған

Шымкенттен пәтер аламыз деген салымшылардың салы суға кетті. 42 азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы «Отбасы банкке» құжат өткізіп конкурстан өткен екен. Енді қоныс тойын күтіп жүргенде «пәтер берілмейді» деген жағымсыз жаңалық жеткен.

Өйткені облыс тұрғындарының мегаполистен үй алуына тыйым салынған. Бірақ әу баста мұндай ереженің болмағанын алға тартқандар заңды баспанамыз берілсін деп талап қойып отыр. Ал әкімдік өкілдері өзге облыс тұрғындарына Шымкенттен пәтер беру заңға қайшы дейді.

Салымшылар Шымкентте тұрмаса да, қала әкімдігінің табалдырығын тоздырып жүр. Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасымен үй аламыз деп «Отбасы банкі» арқылы құжат өткізген. Банк қолдап, қыркүйек айында конкурстан өткен. Тіпті алатын үйлерін де көрсетіп, қай қабаттан екенін де таңдап үлгерген. Алайда тұрғын үй басқармасы Түркістан облысының тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарламамен мегаполистен үй берілмейді деп кесіп айтқан.

Рауза Қайыпова, Түлкібас ауданының тұрғыны:

- Бізге неге ертерек айтпайсыздар, мекенжай тіркеуіне тұрыңыздар деген кезде неғып айтпадыңыздар. Сол бойынша біз басқа конкурсқа қатысатын едік. Болмаса бұған ниеттенбей, дәмеленбей, өзіміздің басқа жолын жасар едік. Тап бізге мекенжай тіркеуі керек емес деді ғой басында, біздің де наразылығымыз сол болып тұр ғой. Біз осы «Нұрлы жер» бағдарламасы ешқандай тіркеуге қарамайды, сіздер қатыса аласыздар. Қазақстан азаматысыз, Түркістан облысының азаматысыздар, сіз осы бойынша үй ала аласыздар деп айтқан «Жилстрой».

“Отбасы банк” пәтер алуға кедергі жоқ десе, әкімдік берілмейді деп бір-біріне үнемі сілтейді екен. Салымшылар шағымданып келе берген соң наурыз айында әкім орынбасарының өзі жеке қабылдап, баспаналы боласыздар деп уәде берген сәтті телефонға да түсіріп алған. Бірақ басшылар тағы сөзінде тұрмады дейді.

Аяулы Қапанова, Сайрам ауданының тұрғыны:

- Енді жемежемге келгенде Әйтенов бізге үйді бермей отыр. Әйтеновтің берген үкімі ауданнан келгендерге пәтер берілмесін деп үкім шығарған. Арамызда мүгедектер, көпбалалылар, жартылай жетім бар.  Сол кезде «Отбасы банк»  бізде тұрған ештеңе жоқ, біз сізге үйді беріп тұрмыз, ары қарай Әйтенов бермей отыр, Әйтеновке барыңыздар деді.

Наразы топ әкім мен пәтер беріледі деген орынбасарын талап етіп әкімдікке кірген. Бірақ екеуі де шыққан жоқ. Есесіне шалғайда отыратын тұрғын үй басқармасының басшысы мен банк жетекшілері келді. Тұрғын үй басқармасы ереже бойынша өзге облыс тұрғындарына Шымкенттен пәтер берілмеуге тиіс дейді.

Жанат Өтебаева, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы:

- Түркістан облысының қай ауданында тұрса да, Түркістан қаласынан ала алады. Ал енді жоқ, біз Шымкент қаласынан алғымыз келеді десе, Шымкент қаласының тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі керек. Үш жыл кезектен кейін ары қарай бүкіл бағдарламаға қатыса алады.

Банк басшылығы мемлекеттік бағдарлама шартын бұзғанымыз жоқ деп отыр. “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы конкурсқа қатысу үшін тұрғылықты мекенжай маңызды емес екен.

Дәурен Саудабаев,  «Отбасы банк» АҚ Шымкент қаласы   филиалының директоры:

Біз «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жұмыс істедік. Бұл бағдарлама арқылы конкурсқа қатысу үшін мекенжайы Шымкентте болуы шарт емес. Бірақ әкімдік тұрғын үй қатынастарының заңын келтіріп отыр ғой. Сондықтан біз несие береміз деп мақұлдағанымызбен, үйді әкімдік береді.

Банк те, әкімдік те ереже жазылған хаттарды көрсетіп заңды жұмыс істеп жатырмыз дейді. Пәтер алу үшін бір заң рұқсат берсе, екіншісі оған кереғар келіп тұр. Ал шенеуніктермен дауласудан жалыққан жұрт енді сотқа жүгінеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.