Демография: Елімізде ұлдарға қарағанда қыздар азайып барады
Елімізде жігіттерге қарағанда қыздар азайып барады. Ститистика мамандары соңғы он жылда демографиялық өсімге қатысты көрсеткіш өзгергенін айтады. Дәрігерлер де дүниеге қыздан гөрі, ұл көптеп келіп жатыр дейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
31.05.2022
Андрей Гайдай, акушер-гинеколог:
- Бала туу көрсеткіші көтерілді. Сонымен қоса соңғы кезде сәбилердің жынысына қарай дисбаланс бар. Дүниеге ұлдар көптеп әкеліп жатыр. Бірекі айдың өзінде дүниеге келгендердің 54 пайызы — ұл, 46 пайызы — қыз.
Қазір еліміздегі халық саны 19 миллион 120 мың адамға жетті. Олардың 9 миллион 840 мыңы — әйел. Ер-азаматтар 550 мыңға аз. Бірақ отыздан асқандар арасында әйелдер көп болғанымен, жастар арасындағы көрсеткіш керсінше.
«Бір еркекке бірнеше әйелден келеді деген» сөз енді айтылмайды. Себебі: 14 -28 жастағы тұрғындар арасында ер-азаматтар 0,1 пайызға аз.
Ал соңғы он жылда дүниеге келген ұлдар саны жыл сайын қыздарға қарағанда көбейіп келеді. Бір Ақтөбе облысының өзінде үш айда 4 жарым мың сәби дүниеге келген. Мұндағы статистикада қыздар аз.
Ұлболсын Матаева, Ақтөбе облысы статистика департаментінің жетекші маманы:
- 2022 жылдың қаңтар, наурызымен салыстырғанда, туғандар саны 4652 болып тұр. Оның ішінде ер абала саны көбірек болып тұр, шамалы. Былтыр да осындай жағдай болып, 2022 жылы 500 ер балаға көбірек болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары