Ақтауда МАЭК-Қазатомөнеркәсібінде өрт шықты
Ақтауда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» компаниясының аумағында өрт шықты. Трансформатордан тұтанған тілсіз жау қаланы су және электр энергиясымен қамтамасыз етуге кесірін тигізбейді дейді мамандар.
Автор: Айман Нұрмағанбет
01.06.2022
Мұрат Иғалиев, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары:
- Орын алған өрт жағдайының өңірдегі энергия ресурстарымен су мен және электр энергиясымен қамтамасыз етуде әсері болмайды. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеуде. Қазір өрт себебін тексерудеміз. Анықталғаннан кейін барып, жөндеу, іске қосу жұмыстарымен айналысамыз.
Мекеме өкілдері алдымен өрттің шығу себебін анықтамашы.Тек кейін ғана қалпына келтіру жұмысы басталады. Болжам бойынша, қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты жалмаған. Соған қарамастан қаланы сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету уақытылы жүргізіледі дейді мамандар.
Айта кетейік, «Маэк-Қазатомөнеркәсіп» серіктестігі Каспийдің тұзды суын тұшытып, оны өңірге таратады. Бірақ ондағы қондырғылар 60 жыл бұрын орнатылған. Соңғы 14 жылдан бері мүлде жөндеу көрмепті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!