{metadescription}
Мешін шешегі: Дәрігерлер Африка елдеріне бармауға шақырады
Мешін шешегі: Дәрігерлер Африка елдеріне бармауға шақырады

Мешін шешегі: Дәрігерлер Африка елдеріне бармауға шақырады

Дәрігерлер қазақстандықтарды Африка елдеріне бармауға шақырады. бұл құрлықта мешін шешегін жұқтырып алу қаупі жоғары. Қазір бұл індет 22 мемлекетке таралып кеткен. «Жұқтырып жатқандар да  туристер», - дейді денсаулық сақтау министрлігі.

Қауіпті індет әзірге біздің елде тіркелмеген. Дегенмен қазір елімізде мешін шешегінің белгілері бар адамдар тексеріліп жатыр. Олардан тест алынған. Әзірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандықтарды осы ауруға қарсы вакциналау туралы ұсыныс жасамаған. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ дейді министр Ажар Ғиният. Бірақ дәрігерлер демалушылардың Африка елдеріне қызықпағаны жөн деп отыр. Өйткені онда вирус жұқтырудың ықтималдылығы өте жоғары. Сондықтан шетелден келушілер де жіті тексерілуде.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әуежайдан әрбір адамды термометрия жасап қарсы аламыз. Ол жерде біздің медицина қызметкерлері бар. Егер қызуы бар адам болса, оқшауландырып, дереу жұқпалы ауруханаға жеткізіледі. Бокс, арналған орындар дайын тұр. Аталмыш аурудың басты белгілері: дене қызуы, интоксикация бас ауруы, дененің әлсіздігі, бүкіл теріге шығатын бөртпе.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.