Мәдениет министрі: Демалысқа дәретхананың жоқтығы тұсау
Демалысқа дәретхананың жоқтығы тұсау! Ішкі туризмнің ақсап тұруын мәдениет министрі тыстағы әжетхананың жағдайымен байланыстырып отыр. Демалыс аймақтарында дәретхана болғанымен, талап атаулығы сай емес дейді Дәурен Абаев. Өйткені су жоқ.
Автор: Әзиза Төленби
01.06.2022
Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Әкімдіктер дәретхана салады. Бірақ мұнда бір мәселе бар. Мысалы, Қайыңдыға көп туристер келеді. Дәретханалар салынған, бірақ ол жұмыс істемейді. Өйткені оны толық жабдықтау жүйесіне қосу, су тарту өте қымбат. Енді біз әкімдіктермен және бизнеспен бірлесіп, осы инфрақұрылымды дамытудың басқа амалын іздестіріп жатырмыз.
Министр туристік орындардағы дәретхана мәселесін жеке бизнесті тарту арқылы шешу керек деп есептейді. Себебі, туроператорлар да әр кездесу сайын дәретхана жетіспеушілігі мәселесін көтереді екен. Демалыс орындары бір бөлек, оған барар жолда да дәретхана жоқтың қасы. Ақылы жолдардың бойында салғаны адам көргісіз. Бұның бәрі ұсақ көрінгенімен, курортты аймақтарды дамытуда кедергі келтіріп отырған негізгі түйткілдердің бірі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!