Референдум: Сайлау учаскесіндегі тізімде барсыз ба?
5-маусымда өтетін Жалпыхалықтық референдум қарсаңында сайлаушылар осы бастан өз сайлау учаскесіндегі тізімде бар-жоғын нақтылап алуы керек. Ол үшін GOV.kz сайтына кіру жеткілікті. Ондағы тізімде жоқ болсаңыз, жергілікті әкімдіктің Call орталықтарына хабарласуға болады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
01.06.2022
Шетелдегі Қазақстан азаматтары да конституциялық құқын пайдаланып жат жерде дауыс бере алады.
Бюллетенді алған сайлаушы арнайы кабинада «иә» немесе «жоқ» деген белгі қоюы керек. Бірақ қарындашпен жазса және екі жауапты бірдей таңдаса, бюллетень жарамсыз деп танылады. Дауыс беру парағын бүлдіріп алғандар жаңасын сұрауға құқылы. Мүгедектер мен сол күні сырқаттанып қалғандарға дауыс беру жәшігін көтеріп комиссия мүшелерінің өзі барады.
Ал Қазақстан азаматтары бар 56 елде 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру құқығы бар шетелде жүрген азамат Қазақстан елшілігінің есігін қақса болғаны. Өз елімізде жүріп, бірақ дәл дауыс беру күні өзге өңірде сапарда болса, тіркелген сайлау бөлімшесінен ажырау талонын алуы шарт.
Юрий Еремин сайлау учаскесінің төрағасы:
- Тіркелген жерінен ажырау талонын өзі ала алмаса да, сенімхат негізінде алдыртуға болады. Сенімхат нотариалды түрде рәсімделуі шарт емес. Сол талонмен өзі тұрып жатқан жердегі кез келген сайлау учаскесіне тіркеле алады. Толандармен тіркелу 4-маусымда кешкі сағат 6-да аяқталады. Ал бір қалада жүріп тек басқа ауданда дауыс бергісі келетіндерге ондай талон берілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!