{metadescription}
Ұлттық ғылым академиясы енді бюджеттен қаржыландырылады
Ұлттық ғылым академиясы енді бюджеттен қаржыландырылады

Ұлттық ғылым академиясы енді бюджеттен қаржыландырылады

Ұлттық ғылым академиясы бұдан былай бюджеттен қаржыландырылады. Ғылыммен айналысып жатқан академиктерге ай сайынғы стипендия төлеу мәселесі қаралмақ. Бұл бастаманы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жұмыс сапары барысында көтерді.

Күні бойы шаһарда маңызды кездесулер өткізген мемлекет басшысы бүгінгі балалар мерекесін де естен шығармады. Балалар жылы аясында ұйымдастырылған "Алматы БалаFEST фестиваліне қатысып, жасөспірімдердің өнерін тамашалады.  

Ботаникалық бақта өткен "Алматы БалаFEST"  іс-шарасының қорытынды кезеңіне мың бала жиналды. 5-17 жас аралығындағы жеткіншектердің жарысқа түсуі үшін арнайы алты алаңқай дайындалған. Онда қала мектептері, гимназия мен интернаттардан келген оқушылар әдебиет, бейнелеу өнері, спорт, қолданбалы өнер, эко-байқау, вокал мен хореография және IT саласы бойынша бақ сынасты.

Шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев синхронды шахматтың ашық сессиясының алғашқы жүрісін бастап берді. 300 мыңнан астам бала жарысқа түскен сайыстың жеңімпаздарын да өзі марапаттады.

Тоқаев еліміздегі ең ірі оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттермен кездесті.  Тәлімгерлер жастарға ерекше көңіл бөлгеніне мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі ауқымды реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.