Өңірлерден келген 35 бүлдіршін астананың көрікті жерлерін аралады
Балалар мерекесін бас қалада қарсы алды. Елордада елдің түкпір-түкпірінен келген 35 бүлдіршін қаланың көрікті жерлерін аралады.
Автор: Елдос Есенбол
01.06.2022
Шара білім министрлігінің қолдауымен Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Әр өңірден келген жасөспірімдер оқуда озат, республикалық білім бәйгелерінің жүлдегерлері. Араларында бас қалаға алғаш келіп тұрғандары да бар. Оқушылар мемлекет басшысының жұмыс орны – Ақордаға да бас сұғып, ел президентінің қолынан естелік сыйлық алды. Кейін бас қаланың символына айналған Бәйтеректің биігіне көтерілді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың білімге деген ынтасын одан шыңдай түседі дейді ұйымдастырушылар.
Сындар Дәуешова, Нұр-Сұлтан қаласы білімді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары:
- Оқушыларымыздың барлығы республикалық, халықаралық деңгейдегі талантты өнерпаздар, интеллектуалдық ойындардың жеңімпаздары. Атаанасын, ұстазын, елін қуанту үшін сапалы білім алып саналы, тәрбиелі ұрпақ болып шығуға уәде беріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!