{metadescription}
Ақтөбеде элеватор резервуарына құлаған баланың халі нашар
Ақтөбеде элеватор резервуарына құлаған баланың халі нашар

Ақтөбеде элеватор резервуарына құлаған баланың халі нашар

Ақтөбеде қараусыз қалған элеватордың резервуарына құлаған бала ауыр халде жатыр. Дәрігерлер 9 жасар оқушының сүйегі сынып, денесіне суық өткенін айтады. Тереңдігі 20 метрлік құдықта бірнеше сағат жатып қалған.

Құлаған кезде жанында болған балалар ешкімге уақытында айтпаған. Қазір оқыс жағдай болған ғимараттың иесі іздестіріліп жатыр. Жеке кәсіпкер осы уақытқа дейін элеваторды қоршауға құлық танытпай келіпті.

Серік Құрманов отбасымен түннен бері балалар ауруханасының алдын торуылдап жүр. Жансақтау бөлімінде жатқан баласына өзі бір рет кіріп шыққан. Кеше күндіз аулада ойнап жүрген ұлы ұшты-күйлі жоқ болады. Сөйтсе тоғыз жасар Батыр өзімен қатарлас балалармен қаңырап бос тұрған элеваторға ойнауға барыпты. Сол жерде тереңдігі 20 метрлік астық жинайтын резервуарға құлап кеткен. Мұны қасындағы балалар қорыққаннан ешкімге айтпаған.

Серік Құрманов, баланың әкесі:

Түнде баланы полицияны шақырып іздедік. Қасындағы достары айтпай, үш бала айтпай, қашып кетті. Қорыққан. Сағат 11-ден кете  іздеді. 11-де полиция шақырып бағыт-бағдар берді. Сегізіншіден біреуін үйінен әкеліп көрсетті, құлаған жерін. Түнгі екі жарымда ма, үште ме, шаққа шығарды осы жақтың құтқарушылары.  

Қаланың қақ ортасындағы қаңырап бос тұрған ғимаратқа бала үйір. Осында төбеге шығып асыр салып ойнайды. Қандай қауіпті екені көзге ұрып тұр. Баспалдағының сымдары шығып, ұстайтын жақтауы да жоқ. Ал тас плиталары жұп-жұқа. Бассаң, опырылып түскелі тұр.

Резервуарға құлаған оқушының әкесі бұл ғимараттың осыншама уақыт неге қоршаусыз тұрғанына ашулы. Қауіпсіздігіне мән бермегендер жазасын алсын деп отыр. 

Серік Құрманов, баланың әкесі:

Ғимаратты ешкім қарамайды. Күзетші жоқ. Әкімдік қайда қарап отыр?! Тесіктер, шұңқыр қаптап жатыр. Жалғыз менің балам емес, тағы басқа балалар келіп, тағы сондай оқиға болса не болады? Кім жауап береді?!

Резервуарға құлаған баланың жағдайы тым ауыр. Дәрігерлер сүйегі сынып, іш құрылысы зақымданғанын айтады. Бірнеше сағат бойы құдықта жатып суық өтіп кеткен.  

Сағидолла Досмағанбетов, Ақтөбе облысы балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Жалпы жағдайы түскен кезде өте ауыр болды. Көп жарақат алып,  өмірге қауіпті жағдаймен алып келген. Баланы бірден жансақтау бөліміне апарып аппаратқа қосты. Баланың жағдайы бүгінге өте ауыр болып тұр.

Қаңырап тұрған элеваторды бірнеше жыл бұрын жергілікті наубайханадан жеке кәсіпкер сатып алыпты. Осы ғимаратты банктердің біріне кепілге қойған. Бизнесменге бірнеше рет ескерткенімен, ақыры өзіне тиесілі аймақты қоршауға құлық танытпады. Қазір осы оқыс оқиғадан соң оны іздестіріп жатыр.

Айбек Көпенов, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

Кәсіпкерді іздестіріп жатырмыз. Телефоны сөндірулі. Біздің білуімізше, Алматы қаласында. Не болғанда да біз бұл кәсіпкерге жазасын алып, айыппұл төлетуге мәжбүрлейміз. Бұл ғимараттың иесіз тұрғанына үштөрт жыл болды.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал ғимаратта күзет күшейтіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.