Тұрмыс тауқыметінен шаршаған еркек биіктен секіріп өлмек болды — Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында 45 жастағы тұрғын биік мұнарадан секіріп өлмек болды. Ол тұрмыс тауқыметінен шаршағанын айтып шағымданыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.06.2022
Мәртөк ауданындағы Қаратоғай ауылы шетіндегі байланыс мұнарасына халықтың бәрі жиналды. Жедел жәрдемнен бастап құтқару қызметіндегілер де осында келген.
45 жастағы тұрғын байланыс мұнарасының 25 метр биіктігінен секіруге оқталыпты. Оны райынан қайтаруға бала-шағасы мен қарт әкесі де келді. Бірақ олар көндіре алмаған.
Ақыры тұрғынның талабы бойынша ауыл әкімі жоғарыға өрмелеп шығып бар уәдесін берді. Оны алдаусыратып тұрғанда құтқарушылар да ұстап үлгерген. Секіріп өлмек болған азаматты арқанмен байлап жерге түсірді. «Тұрмыстағы қиындықтан шаршадым» деген жігіт жұмыс орнынан айлығын да ала алмай жүр екен.
Руслан Сахиев, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығы:
- Сол елдімекеннің әкімі биіктікке, 25 метрлік биіктікке көтеріліп, сол кісімен сөйлесіп, жағдайының бәрін сұрап, қандай көмек керек екенін, көмек беретінін, бәрін уәде беріп, секірмейтін қылып келісіп, біздің құтқарушылар көтеріліп көмектесті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!