{metadescription}
Мұрат Бақтиярұлы: Үш тілде оқытуды тоқтатыңдар!
Мұрат Бақтиярұлы: Үш тілде оқытуды тоқтатыңдар!

Мұрат Бақтиярұлы: Үш тілде оқытуды тоқтатыңдар!

Үш тілде оқытуды тоқтатыңдар! Әлемнің озық отыз еліндегі білім беру жүйесін мысалға келтірген сенаторлар Үкіметке бүгін осындай талап қойды.

Қазақстаннан басқа әлемнің бірде-бір мемлекетінде үш тіл мүлдем оқытылмайды дейді депутаттар. Тек екі тілде білім алатын елдер бар.

Мәселен, екі тіл бірінші сыныпта төрт-ақ елде, екінші сыныпта бес, ал төртінші сыныпта он екі елде ғана оқытылады екен. Сондықтан шет тілін білу сауатты болудың басты көрсеткіші емес, ол әлемнің білім-ғылымының биігін игеру үшін қажетті құрал дейді Мұрат Бақтиярұлы. Қазақстандық жастар ағылшын тілін білуі керек деген сенатор үш жарым миллион оқушының барлығына бірдей шет тілін терең меңгерудің қаншалықты қажеттілігі барын түсінбей отыр.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

- Балабақшадағы, бірінші сыныптағы ойлау жүйесі әлі толық жетіліп қалыптаспаған, санасы үлбіреп тұрған қазақ сәбилеріне бірден үш тілді оқытудың не қажеттілігі бар? Білім мен ғылымы жоғары Жапония, Финляндия, Франция, Қытай 10 жасқа дейін балалаларын өзге тілде неге оқытпайды? Біз де балабақшалар мен бастауыш сыныптардағы барлық пән тек ана тілінде оқытылуын қолға алуымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде