{metadescription}
ARTSPORT: Әкімдік қаржыны жырымдап, қалтасына басып қалады
ARTSPORT: Әкімдік қаржыны жырымдап, қалтасына басып қалады

ARTSPORT: Әкімдік қаржыны жырымдап, қалтасына басып қалады

ARTSPORT-ты министрлік қаржыландырсын. Мемлекет есебінен осы үйірмелерді ұйымдастырып жүрген кәсіпкерлер енді осындай талап қойды. Негізі бұл бағдарламамен әкімдіктер айналысады. Бірақ кәсіпкерлер жергілікті билікпен жұмыс істегісі келмей отыр.

Айтуларынша, әкімдіктегілер қаржыны жырымдап, одан қалса, қалтасына басып қалады. Олқылықтың болғанын ARTSPORT-қа жауапты министрлік те мойындайды.

Абылайхан Мұстафа, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшысы:

- Қазіргі жағдайда бізде тұрған нақты мәселе қолда бар, қазір барып жүрген балаларды республика бойынша жылдың соңына дейін қаржыландыру. Жыл басында қаржыландырумен дұрыс есептемей қалу да болды. Себебі: платформаның да дұрыс жұмыс істемеуінен болды. Негізі бір бала ваучер алды, платформа өзі жылдың соңына дейін оператордан алып отыруы керек болады. Ол да болған жоқ.  

Осыған дейін бөлінген ақша таусылып, үйірмелерді ұйымдастырып жүргендер қаржыландырусыз қалған. Кеш болса да, мамырдағы мәслихат отырысынан кейін мәселе шешіліпті. Жергілікті органдар наурыз-сәуірге 13 миллиард теңге тауып, барлық қарызды өтеген.

Алайда халық тығыз орналасқан Жамбыл облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында әлі қиындықтар бар екен. Мәдениет және спорт министрлігі бұны да алдағы уақытта бірлесіп шешеміз деп уәде беріп отыр.

Айта кетсек, қазір ARTSPORT бағдарламасымен республика бойынша 700 мың бала түрлі үйірмелерге жазылыпты. 26 мың жаттықтырушы, мұғалімдер жұмысқа тартылған. Ата-аналар да үйірменің ғұмыры ұзақ болғанын қалайды.

- Ақшаны бөлесіңдер ме, балаларға бөліңдер. Балалалар мәдениетті, сауатты болсын. Суицидтан құтқарасыңдар, нашақорлықтан құтқарасыңдар. Адам болады. Сіздер осы уақытқа дейін ойлағанда бір шешімге келетін едіңдер. Жүрсіңдер, «тормоз» болып.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде