{metadescription}
Референдумның алдын ала нәтижесін жұрт қашан біле алады?
Референдумның алдын ала нәтижесін жұрт қашан біле алады?

Референдумның алдын ала нәтижесін жұрт қашан біле алады?

Жалпыхалықтық референдумның алдын ала нәтижесін анықтау үшін 20 000 маман жұмыс істейді. Олар республиканың түкпір-түкпіріндегі сайлау учаскелерін аралап, азаматтардың қандай таңдау жасағанын анықтауға тиіс.

Саяси науқанның алдын ала нәтижесін жұрт қашан біле алады? Exit-poll жүргізудің қандай шарттары бар?

Татьяна Башарина  —  «Демократия институтының» директоры. 1995 жылы құрылған ұйымның міндеті — әлеуметтік сауалнама жүргізу. Елдегі саяси науқандарда білек сыбана еңбек ететін олар, 5-маусымдағы референдумға да дайындығымыз қызу дейді.

Татьяна Башарина, "Демократия институты» ҒЗҚ жобаларының директоры:

- Алдағы референдумда біздің интервьюерлер елдің әр аймағында, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Тіпті шалғайдағы елдімекендерді қамтуды да жоспарлап отырмыз. Біздің мамандарымыз, біріншіден, дауыс берушілердің белсенділігін тексереді. Екіншіден, сауалнама нәтижесінде рефенрендумның  алдын ала қорытындысын шығарады.

Экзитпол мамандары өз таңдауыңызды жасағаннан кейін ғана сайлау учаскесінен тыс жерде сізден жауап алуы керек. Биыл бұл жұмысқа 20 000 интервьюерді жұмылдыруды жоспарлап отыр. Олар елде 500 сайлау орталығында әр екі сағат сайын сауалнама жүргізеді.

Айта кету керек "КТК" телеарнасы әр саяси науқан сайын экзитполдың жүйелі жұмысын қолдап келеді.

Татьяна Башарина, "Демократия институты» ҒЗИ жобаларының директоры:

- Интервьюерлер мен супервайзерлерді дайындап жатырмыз. Оларға өзін қалай ұстау керек, қандай әрекет жасауға болмайды барлығын үйретеміз. Жалпы жаңадан келгендері болмаса, біздің мамандар тәжірибелі. Бұл олар жұмыс істегелі отырған алғашқы саяси науқан емес. Әдетте алдын ала нәтижесі мен қорытынды нәтиже сәйкес келеді. Бұған елде өткен саяси науқандар дәлел.

Бұл экзитпол бұрынғыдан өзгерек. Өйткені алдыңғы саяси науқандарда дауыс берушінің жасын, жынысын, ұлтын анықтаса, бұл жолы оларға тек бір ғана сұрақ қойылады. Сауал: «Сіз Конституциядағы өзгерісті қолдадыңыз ба, әлде жоқ па?» Ал Жалпыхалықтық референдумның алдын ала нәтижесі түнгі сағат он екіден кейін шығуға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде