{metadescription}
Алматыда тұрғындар сатып алған жердің жолын банк жауып тастаған
Алматыда тұрғындар сатып алған жердің жолын банк жауып тастаған

Алматыда тұрғындар сатып алған жердің жолын банк жауып тастаған

Алматыда бір көшенің тұрғындары заңды сатып алған жеріне аттап баса алмай отыр. Екінші деңгейлі банктердің бірі жұрттың үйіне апарар жалғыз жолды жауып тастаған.

Енді қаржы ұйымы тұрғындарға бұл жерді қомақты қаржыға сатып алуды ұсыныпты. Жер банктің жеке меншігінде болған соң, бұл мәселеде әкімдік те қауқарсыз. 

Базынасын айтып жиналған жұрт Алматының әрбір бұрышында жалдамалы пәтерде тұрады. Олар осыдан бірнеше жыл бұрын Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы шағын ауданына үй саламыз деп заңды түрде жер алған. Уақыт өте іргетасын да құйып қойыпты. Алайда былтыр екінші деңгейлі банктердің бірі тұрғындардың үйіне апарар жалғыз жолын бетонмен қоршап, айналасын қазып тастаған.

Исатай Құдайбергенов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мына жол атам заманнан жатқан жол болатын. Қарғалыға қарай шығаратын жол. Бұл жерден былтыр жұмысты бастаймыз деп біреу жүгін алып келді, біреу әртүрлі жағдаймен келе бастаған уақытта банк жерді қазды да, ар жақтағы жолдың барлығын қазып жауып тастады.  

30-дан астам тұрғын мәселенің ақ-қарасын ашуға әкімдікке барған. Бірақ олар бұл жер банктің жеке меншігінде, жауап бермейміз деп қайтарып жіберіпті. Банк жолды ашу үшін тұрғындарға жерді қомақты қаражатқа  сатпақшы болған.

Таңжарық Ілиясұлы, Алматы қаласының тұрғыны:

- Кәдімгі соғысқа дайындалған сияқты қоршап тастаған. Құзырлы жерлердің бәріне бардық, әкімдікке де. Мына жолдың әр сотығына 25 мың доллар ұсынып отыр. Оны дұрыс емес деп есептейміз. Өйткені бұл халыққа арналған жол.

Әкімдіктегілер әдеттегідей тиісті жұмысты жүргізіп жатырмыз деп құтылды.

Нұрбол Бейсеков, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы: 

- Жер учаскелеріне жолдың жоқтығына себеп, бұл участоктерге апаратын жол «БанкЦентрКредит» мекмесіне тиесілі жер учаскесі арқылы өтіп тұрған.19-мамырда қала әкімінің кездесуінде тұрғындар бұл мәселені көтерді. Қазір осы жер учаскелерді жолмен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Әкімдік пен құзырлы органдардың талай табалдырығын тоздырып, сылдыр сөзден әбден күдер үзген тұрғындар енді амал таусылды деп отыр. Мәселе жақын арада шешілмесе, үйіне жете алмай жүрген жұрт маңызы бар жолды жабуға бекінген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде