{metadescription}
0:000:00
Жарнамасы жер жарған жеңіл автонесиенің қаражаты таусылыпты

Жарнамасы жер жарған жеңіл автонесиенің қаражаты таусылыпты

Жарнамасы жер жарған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінген қаражат жарты айға жетпей таусылды.

Осы күнге дейін екінші деңгейлі банктер 71 миллиардқа тоғыз жарым мыңнан астам адамның өтінішін мақұлдапты. Алайда жылдық 4 пайыз үстемемен су жаңа көлік алғандар 2 мың адамға да жетпейді. Бұл қарама-қайшылыққа «Өндірісті дамыту қорының» өкілдері жауап бере алмады.

Ринат Гаппаров, "Өндірісті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазір үш банк бұрынғыдай өтініш қабылдап жатыр. Тағы бір банк қаражатты толық игерді. Оларға келесі апта тағы ақша бөлу жоспарланған. Несиесі мақұлданған адамдар екі айдың ішінде көліктерін толық алады. Еш уайымдаудың қажеті жоқ. Сәл күту керек. Зауыттарда көлік бар.

Банктер санаулы күнде бөлінген “қаражатты толық игереміз” деп отыр. Соған қарамастан, үміт үзбей, автосалондардарға кезекке тұрып жатқан адамдар әлі де бар. Барлығы жеңілдетілген бағдарлама арқылы темір тұлпар тізгіндеуге дәмелі. Алайда дилер орталықтарда отандық машина жоқ. Менеджерлер клиенттерге жаңа көлікті қанша уақыт күту керектігін де нақты айта алмайды.

«Өндірісті дамыту қорының» өкілдері бағдарламаға қосымша қаражат бөлу жоспарда бар екенін жеткізді.

Автонесие 7 жылға, бастапқы жарнасыз және жылдық 4 пайыз үстемемен рәсімделеді.

Досбол Арыстанбеков, «Halyk bank» АҚ баспасөз қызметінің маманы:

- «Халық банк» дәл қазір жеңілдетілген автонесиеге қатысты «СарыарқаАвтоПром» көліктеріне өтініш қабылдауды тоқтатты. "Киа", "Лада", "Джак", "Шевролет" көліктері. Ал «Hyundai Trans Kazakhstan» автокөліктері "Хюндайдың" осы бағдарламаға қатысатын автокөліктерінің барлығына өтінім тоқталған жоқ. Қазір өтініш беруге мүмкіндік бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.