Баянауыл Ұлттық саябағындағы өрт найзағайдан тұтанған
Баянауыл Ұлттық саябағындағы орман өрті сөндірілді. Құтқарушылар өртпен екі тәулік бойы арпалысқан. От орманға түскен найзағайдан тұтаныпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
03.06.2022
Таңертең басталған өрт үш бағытқа жайылып, екі бірдей орман шаруашылығын шарпыған. Құрғап тұрған шөп лезде лаулап жанып, орманды алқапқа дейін жеткен. Қызыл жалынды ауыздықтау оңайға түспепті. 70 техника мен 100 –ден аса құтқарушы, еріктілер мен Ұлттық саябақтың қызметкерлері түгел жұмылдырылған. Тілсіз жау ауыздықталды дегеннің өзінде әлі де орманда бықсып жанып жатқан өрт ошақтары бар көрінеді.
Руслан Төлепбаев, Павлодар облысы орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:
- Өрт сөндіруге тау-тасты жердегі өрт ошақтарына жету қиындық туғызды. Ол жерлерге техника жете алмай, қолмен әрекет еттік. Оның үстіне қатты жел тұрып, ауа райы қолайсыз болды. Өртке найзағай түсуі себеп болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!