{metadescription}
Күзге дейін қант бағасы тағы 15 пайызға өседі
Күзге дейін қант бағасы тағы 15 пайызға өседі

Күзге дейін қант бағасы тағы 15 пайызға өседі

Қант әлі де қымбаттайды. Күзге дейін шекер құны тағы 15 пайызға өседі деп отыр Energyprom сарапшылары. Тек бір жылда баға 60,5 пайызға көтерілген. Бұл былтырғымен салыстырғанда үш жарым есеге көп.

Биыл қант құны мен оған деген сұраныс бұрын-соңды болмаған дүрбелең тудырды. Шекерді Ресей арқылы тасымалдау тоқтаған тұста баға 34 пайызға көтерілсе, сәуірде 4 жарым, мамырда тағы 6 пайызға қымбаттап шыға келген.

Қазір әлеуметтік дүкендерде оның бір келісі 500 теңгеден саудаланып жатыр. Ал сауда нүктелерінде 700 теңгеден басталады. Дегенмен шарықтау шегі бұл да емес дейді сарапшылар. Үкімет айтқандай, шекердің қоры қоры толық жиналмайынша, баға күзге дейін тағы көтерілуі мүмкін.

Кирилл Павлов, сарапшы:

- Күз- нағыз шаруа мен егістіктің кезеңі. Биылғы өнім сол мезгілде қайта жинала бастайды. Сонда ғана баға түседі. Ал оған дейін тағы 15 пайызға көтеріледі деп болжап отырмыз. 24 және 25 мамырдағы бағаның құбылуына да өзіндік себептер бар. Үндістан қант экспортына тыйым салды. Ол әлемдік бес ірі эспортерлердің бірі. Жаһандық логистикадағы қиындықтар да саудаға кері әсерін тигізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.