Тоқаев: Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық
Мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажет! Мемлекет басшысы арнайы үндеу жасап, халықты алдағы референдумға атсалысуға шақырды. Президент наурыз айында саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсынған болатын. Оның алғашқысы жалпыхалықтық референдум өткізу.
Автор: Әзиза Төленби
03.06.2022
Өйткені ел басқару ісінде халық шетте қалмауы тиіс. Саяси бетбұрыстан кейін барлық саланың өркендеп, өзгеше бағыт алатынына Қасым-Жомарт Тоқаев сенетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына ықпал ете алады. Ендеше 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық. Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!