{metadescription}
Референдумға 11 мыңнан астам шетелдегі қазақстандық қатысады
Референдумға 11 мыңнан астам шетелдегі қазақстандық қатысады

Референдумға 11 мыңнан астам шетелдегі қазақстандық қатысады

11 мыңнан астам шетелдегі қазақстандық жалпыхалықтық референдумға қатыса алады. Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттерде де дауыс беру орталықтарын дайындап қойыпты. Ал бүгін түнде саяси науқанға қатысты үгіт-насихат жүргізу аяқталады. Орталық сайлау комиссиясындағылар референдумға тас-түйін дайынбыз деп отыр.

Бүгін түнгі сағат 00:00 де, яғни маусымның үшінен төртіне қараған түні жалпыхалықтық референдумға қатысуға үгіттеу жұмысы аяқталады. Дәл осы уақыттан бастап саяси науқанға қатысты ешқандай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге болмайды. Ертең тыныштық күні. Бұл ереже желі қолданушыларына да қатысты.

Нұргүл Мауберлинова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- Бүгін түнгі сағат 12-ден бастап  референдум сұрағына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге итермелейтін әрекеттер болса, бұл да үгіттеу болып есептеледі. Мұндай қателік жіберген жеке және заңды тұлғалар да әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларына да қатысты. Ал интернет ресурстарына алдын ала жарияланған үгіт материалдары қала береді. Тек оларды басты бетке шығаруға болмайды.   

Референдум күні белгіленгеннен бері прокуратура органдарына 18 өтініш түскен. Бірақ олардың ешқайсы үгіт-насихат кезіндегі заңбұзушылыққа қатысы жоқ.

Мысалы, Қызылорда облысының бір тұрғыны өзінің әкесіне салықты негісіз есептегені үшін деп, референдумға барудан бас тартыпты. Сол күні-ақ ол азаматтың мәселесі Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған. Ал азаматтарды жиі мазалайтын сауал сайлау учаскесінен шығару куәлігі екен.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Азаматтар өзі бекітілген сайлау учаскесінен басқа жерде дауыс беретін болса, сол орталықтан шығарылғаны туралы куәлік алу керек. Мысалы, елордадан мұндай құжат 1151 азаматқа берілсе, Алматыдан 646 адам алған. Ертең сағат 18:00-ден бастап азаматтарға сайлау учаскесінен шығару куәлігін беру тоқтатылады.

Сонымен елдің барлық аймағындағы сайлау учаскелері сақадай-сай. Оларға бюллетеньдер жеткізілген. Ел аумағындағы азаматтардан бөлек, шетелдегі қазақстандықтар да референдумда өз таңдауын жасай алады. Шет мемлекеттерде  65 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:

- Белсенді сайлау құқығы бар шет елде жүрген Қазақстан азаматтарының алдын ала тізімі негізінде сайлаушыларымыздың саны шамамен 11 350-ін құрайды.  Барлық учаскемен байланыс бар біздің бюллетеньдер жеткізілді. 

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров азаматтардан ұялы телефонға келген хабарлама арқылы қай орталыққа бекітілгендерін білуін өтінді.

5 маусымдағы саяси науқанда дауыс беруге құқылы 12 миллионға жуық азамат бар. Референдум өтуі үшін оның тең жартысы өз таңдауын жасаса жеткілікті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде