Сауалнама: Референдумда таңдау жасауға дайын ба?
5-маусымдағы осы референдумда халық өз таңдауын жасауға дайын. Конституцияға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам боларына сенеді. Саяси науқанда шет қалмай дауыс берген азаматтық парызымыз деп біледі көпшілік.
Автор: Асқарбек Қазанғап
03.06.2022
- Қазақстанның жарқын болашағы үшін референдумға қатысамын. Ол түзетулерге толық келісемін. Себебі, халықтікі болу керек қой, жердің бәрі, мемлекеттік емес. Сондықтан мен оған келісімімді беремін.
- Әр қазақ өзі Қазақстанның елі жайлы ойлайды. Сол Қазақстан елінде тұрған бар азамат, қазақ болсын, орыс болсын, бәрі жақсы өмір сүріп, Қазақстанның өркендеуіне бәрінің ойлары бар. Бәрі Қазақстанда тұрғысы келеді, жақсы елде.
- Үкіметіміздің халықтың пікірін тыңдап, соған ден қойғанына қуаныштымын. Міндетті түрде 5 маусым күні референдумға баратын ойым бар. Көптеген өзгеріс біздің Қазақстанның жандануына септігін тигізеді деген ойдамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!