{metadescription}
Серфинг: Каспийге суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Серфинг: Каспийге суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Серфинг: Каспийге суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Ақтауда Каспийге суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды. Бала кешкі сағат алты шамасында серфинг тақтайшасымен теңізге шыққан. Ақыры тақтайшадан құлап кеткен. Ал жанындағы екі досы өздері жағалауға жүзіп шыққан.

Қайғылы оқиға халық арасында «Солдат жағалауы» деп аталып кеткен аумақта болған. Суға кеткен бала 2005 жылғы Бейнеу ауданының тумасы. Ол қасындағы екі досымен бірге серфинг тақтайшасымен су бетінде жүзуге келіпті. Үстінде құтқару жилеті болмаған дейді куәгерлер. Суғакеткен жасөспірімнің денесі жағадан 400 метр жерден табылды. Оны іздеуге 20 құтқарушы жұмылдырылды. Ал жағаға жүзіп шыққан екі жігіттің жағдайы жақсы. 17 жастағы жасөспірімдер медициналық колледждің 1-курс студенттері екен. 

Жандос Кенжебаев, Ақтау қаласы ТЖБ бастығы:

- Үш бала болғаны анықталды. Олар серфингпен айналысқан. Тақтайша аударылып кетіп, екі жасөспірім өз күшімен жағаға шықты. Біреуі суға кетті. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері 2 техника, 2 жүзу құралы, 1 квадроцикл жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде