{metadescription}
ОСК: 10 012 дауыс беру учаскесі кешкі сегізге дейін ашық болады
ОСК: 10 012 дауыс беру учаскесі кешкі сегізге дейін ашық болады

ОСК: 10 012 дауыс беру учаскесі кешкі сегізге дейін ашық болады

Орталық сайлау комиссиясында КТК тілшілері қызу жұмыс істеп жатыр. Соңғы ақпаратты дәл қазір елордадан тікелей қосылымда КТК тілшісі Елдос Есенбол айтып беруге дайын.

Елдегі 10 012 дауыс беру учаскесі кешкі сегізге дейін ашық болады. 36 орталықта аймақтық комиссияның шешімімен жергілікті уақыт 06:00-де дауыс беру  басталып кетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 21 мыңнан астам азамат дауыс беру учаскесінен шығару куәлігін алыпты.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Кеше кешкі сағат 18:00-де дауыс беру учаскесінен ишығру куәлігін беру тоқтатылды. Ел бойынша бұл құжатты 21 465 тұрғын алған. Яғни бұл азаматтар өздері тіркелген аймақтан басқа өңірде таңдау жасайды. Жалпы елде 11 722 536  азамат  дауыс бере алады.

Сонымен қатар 52 елде 65 учаскелік комиссия құрылған. 11 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттен дауыс береді деп күтілуде.  Алғаш болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз өз таңдауын жасады. Елдің түкпір-түкпірінде бүгінгі саяси науқанның әділдігін 272 халықаралық бақылаушы қадағалайды.

Дәл осы сәттегі статиска: Астана уақытымен:10:00 дегі ақпаратқа сүйенсек, ел азаматтарының 28,9 пайызы дауыс берді.  Әзірге алматылықтар мен елорда тұрғындарың белсенділгі аздау болып тұр. Оңтүстік астана тұрғындарының 14 пайызға жуығы  өз таңдауын жасаса, нұрсұлтандықтардың 24,18 пайызы дауыс берген.

Шымкенттік ағайындардың саяси науқанға қатысу белсенділігі ең жоғары болып – 34,19 пайыз.

Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын ақпаратты көрсеткіштерді жаңартып отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде