{metadescription}
Түркістаннан тікелей байланыс: Референдум учаскелеріндегі ахуал
Түркістаннан тікелей байланыс: Референдум учаскелеріндегі ахуал

Түркістаннан тікелей байланыс: Референдум учаскелеріндегі ахуал

Дауыс берушілер белсенді. "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығы референдумға қатысушыларға осылай баға берді. Дауыс берушілердің пікірін олар экзитпол арқылы зерттеп тіркейді.

Түркістаннан тікелей байланыс. Референдум учаскелеріндегі ахуал қандай?

- Біз барған қай учаскеде болмасын, таңертеннен қарбалас. Тұрғындар түсті күтпей леклегімен келіп жатыр.

Ал шыға берісте "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілдері сауалнама жүргізіп жүр. Қойылатын сұрақ біреу: Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап дауыс бердіңіз бе?

Институт сарапшылары күн ұзаққа ел бойынша 375 учаскені аралайды. Бір учаскеде орташа 40 адамға сұрақ қояды. Сауалнама қорытындысын жинақтағасын орталыққа жіберіп есептейді. Референдумға қатысушылардың айырықша белсенді екенін қазірден айтып отыр.

Айдана Әпсеметова, "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының сұхбатшысы:

Осы жерде таңғы жетіден бастап тұрмын. Бұл жерде шыққан сайлаушылардан сауалнама жүргізіп, олардың жауаптарын тіркеп отырамыз. Және де кемінде осы жерде 40 адамнан сауалнама аламыз. Егер сауалнамашылар бас тартса, оларды мәжбүрлеу жоқ. Жауап бермегенін тіркеп, келесі адамнан сұрай береміз. Жауап берушілердің белсенділігі жоғары, барлығы қарсы емес, барлығы жауап беріп жатыр. Олардың жауаптарының барлығы бізде анонимді жүргізіледі.

"Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығы 1995 жылы құрылған. Компания қоғам дамуының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізуге бағытталған. Ал бүгінгі экзитполдың қорытындысын түнгі 12-де жариялайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде