{metadescription}
Тоқаев: Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Тоқаев: Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр

Тоқаев: Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр

Мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастың парадигмасы өзгереді. Бүгін референдумда дауыс берген Президент осылай деді. Ата заңға енетін жаңашылдықтарды сөз еткен мемлекет басшысының пікірінше, алдағы уақытта қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына да тоқталды. Президенттің мәлімдемесі жайлы:

- Елордадағы бас сайлау учаскесінен хабар. Бас сайлау учаскесі деуімнің себебі мынада: бұл жерге мемлекет басшысы келіп дауыс берді. Айтып өтерлігі, президент былтыр да парламент сайлауында осы жерде таңдауын жасаған.

Таңертең әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының іші күзетке толды. Келіп-кеткен барлық сайлаушы жіті тексерістен өтті. Президент келе салысымен учаскесіне тіркеліп, бюллетеньді алып, таңдауын жасап, қағазын арнайы жәшікке салды. Содан кейін, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап беретін алаңға шықты. Орайы келіп тұрғанда, тілшілер де білгісі келген дүниелерді сұрап үлгерді. Мәселен, қаңтар оқиғасы туралы.Қасым-Жомарт Тоқаев 20 мың террорист туралы сұраққа жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

20 мыңға келсек, бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары келтірген, бұл бүкіл елге қатысты. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер. Қазір 5 жарым мың қылмыстық іс қозғалды. 500 қылмыстық іс сотқа жолданды. Бар болғаны 23 адам нақты қамау жазасына тартылды. Бұл біз осы қайғылы істі өте мұқият зерттеп жатқанымызды көрсетеді. Жоғарыда айтқанымдай, елде қайғылы қаңтар оқиғасы қайталанбайтынына сенімдіміз. Ал оның кепілі - бүгінгі референдум. Тиісті сабақ алдық.

Президенттің айтуынша, бүгінде қаңтар оқиғасы бойынша қоғамнан жасыратын ештеңе жоқ. Тергеу ашық әрі әділ өтеді. Оған халықаралық сарапшылардың араласуы қажет емес. Алдағы уақытта оқиға кезінде қаза тапқан адамдардың тізімі жарияланады. Ел мүддесіне қарсы шыққандар, ақтауға келмейтін әрекет жасағандар жауапкершілікке тартылатынын алға тартты. Осы қаралы қаңтардан соң, билік қолға алған шетелдегі заңсыз ақшаларды да президент тілге тиек етті. Шекара асқан миллиардтар бойынша арнайы комиссия құрылады. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы, бүгінгі маңызды саяси оқиғадан кейін халқымызды үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алда үлкен жұмыс бар. Бүгін өзгерістер енгізуге дауыс беріп жатқан Конституцияны іске асыру керек. Атап айтсақ, партияларға, Парламентке қатысы бар заңнамаларға өзгеріс енгізілмек. Парламентіміз бұл міндетті абыроймен атқарады деп ойлаймын. Түптеп келгенде мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастың парадигмасы өзгереді, адам құқықтары бірінші орынға шығады. Бұл аса маңызды. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен жаңа мәртебеге ие болады. Омбудсмен Конституциялық сотқа жүгіне алады. Ол орган да біз үшін жаңа институт.

Конституциялық өзгерістерге сәйкес, Қазақстан суперпрезидентік басқару жүйесінен күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатына көшуді көздеп отыр. Президент құзыры азайтылып, Парламенттің құзыретін арттыру да мақсат.

Тілшілердің «Бұл қадам мемлекеттің тағдыры шешілетін сәтте шұғыл шешім қабылдауға кедергі келтірмей ме?» деген сұрағына мемлекет басшысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрбір тәсілді қолдануға құқылы екенін айтты. Конституцияға өзгерістер енгізу Мемлекет басшысының бастамасы. Қазақстандықтар президент сияқты Ата заңдағы 33 бапқа енгізілетін 56 өзгеріске өз таңдауларын жасап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.