Референдумға шетелдегі отандастарымыз белсенді қатысып жатыр
Жалпыхалықтық референдумға шетелдегі отандастарымыз да белсенді қатысуда. 55 мемлекетте 65 дауыс беру учаскесі ашылған.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
05.06.2022
Алдымен күншығыстағы Жапонияда тұратын отандастарымыз өз таңдауын жасады. Бұл елдегі сайлау учаскесі астана уақыты бойынша сағат түнгі үште ашылған.
Одан кейін Оңтүстік Кореяда оқитын студенттер мен сонда жұмыс істейтін жерлестеріміз елшіліктің жанынан ашылған учаскеге барып дауыс берді. Көршілес бес мемлекеттен бөлек, Түркия, Индонезия, Еуропада жүрген Қазақстан азаматтары да саяси науқаннан қалыс қалмапты.
Шетелдегілер үшін референдум комиссиясының мекенжайы елшіліктердің сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жазылған.
Жалпы өзге елде жүрген 11 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді деп күтілуде.
Гаухар Тоқтарова:
- Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін бұл референдумның маңызы зор. Бұл Қазақстанның, еліміздің болашағын айқындайтын қадам. Сондықтан өз таңдауымды жасадым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!