{metadescription}
Референдумға Алматы тұрғындарының тек 29,82 пайызы қатысқан
Референдумға Алматы тұрғындарының тек 29,82 пайызы қатысқан

Референдумға Алматы тұрғындарының тек 29,82 пайызы қатысқан

Дауыс берушілердің белсендігі бойынша Алматы қаласы көштің соңында қалып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, дауыс беруге құқығы бар қала тұрғындарының  тек 29,82 пайызы ғана референдумға қатысқан.

Оңтүстік астанада қазір 574 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Сонда да дауыс беруге құқығы бар азматтардың үштен бірі ғана сайлау учаскесіне бас сұққан.

Қаламыздағы №165 сайлау учаскесі таңғы алтыдан бастап қызу дайындыққа кірісті. Құжаттарды қабылдап, бюллетень тарататын комиссия мүшелері де тұрғындарды күтіп тұр. Ал алғашқы келген 10 адамға азын-аулақ сыйлық  табыстады.

Алғашқылардың бірі болып Құманғазы Жеделов келді. 46 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, «Ұстаз» деген ұлық есімді арқалап жүрген жігіт ағасы референдумға қатысу азаматтық борышымыз деп отыр.

Гүлбахар Назарова да тұрғылықты мекенжайы бойынша дауыс беруге ерте келгендердің бірі. Ауруханадағы кезекшілігіне бармас бұрын, сайлау учаскесіне барып дауыс беруді ұйғарыпты.

Гүлбағар Назарова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімінде жетекші медбике болып жұмыс істеймін. Жұмысқа бару алдында ерте тұрып дайындадым. Жаңа өзгерістер болу үшін, өз үлесімді қосу үшін келдім деп ойлаймын. Референдумға келу әрбір азаматтың өз борышы деп ойлаймын.

Бұл сайлау учаскесінде 2100 бюллетень бар. Кешкі сегізден кейін жәшікке салынғаны мен пайдаланылмағаны да түгел аумақтық комиссияға өткізеді.

Жанна Асанова, Алматы қалалық референдум комиссиясының төрағасы:

- Сайлаушылар тізімінде, құқығы бар азаматтар тізімінде 1млн 126 мың 854 азамат кірді, таңертең. 1388 есептен шығару куәлігі берілген. Кеше есептен шығару куәлігі кешкі сағат алтыда бітті.

Алматы бойынша 1 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы. Дегенмен соңғы мәлімет бойынша республикалық маңызы бар басқа қалалармен салыстырғанда белсенділік жағынан артта келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде