{metadescription}
Нұрғали Нүсіпжановты сайлау учаскесіндегілер «Өз елім» әнімен қарсы алды
Нұрғали Нүсіпжановты сайлау учаскесіндегілер «Өз елім» әнімен қарсы алды

Нұрғали Нүсіпжановты сайлау учаскесіндегілер «Өз елім» әнімен қарсы алды

Өнер қайраткерлері де жалпыхалықтық референдумда белсенділік танытты. Ел аралап гастрольдік сапарда жүрген аға буын өкілдері де өздері жүрген қалаларда дауыс беріп таңдауын жасады.

Таңмен таласа сайлау учаскесіне келген олар ел өміріндегі елеулі оқиғаның ортасынан табылу әрқайсымыздың азаматтық парызымыз деп есептейді.

Қазақ өнерінің дүлдүлі Нұрғали Нүсіпжанов таңғы түсірілімін аяқтай сала, дауыс беруге асыға жеткен. Үнемі «Өз елім» деп шырқаған халық әртісін сайлау учаскесіндегілер осы патриоттық әнімен қарсы алды. Осылайша өз таңдауын жасаған өнер қайраткері Ата заңға референдум арқылы өзгеріс енгізу – баршамызға ортақ міндет дейді.

Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның халық әртісі:

- Ел қатарлы бүгін референдумға дауыс беруге келіп тұрған жағдайымыз бар. Армантілегіміз – Ата заңымызға еніп жатқан жаңалықтар мемлекетімізге, елімізге, тіпті әр үйге, әр отбасына береке-бірлік әкелсін. Қазақстанға қызмет істесін.

Жақында ғана 85 жасқа толған Асанәлі Әшімов бүгін Шымкент қаласында жүр. Соған қарамастан ол саяси науқанға қатысып, «өз таңдауымды жасауға бұл кедергі емес» дейді. Өйткені Қазақстанның азаматымын деген әр адам үшін тарихи сәтте өз үлесін қосуға барлық жағдай қарастырылғанын айтады.

 Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі:

- Мінекей, Шымқалада жанұямызбен дауыс беріп шықтық. Халық үшін жасалған референдум. Бұл халықтың мейрамы. Үлкен той. Сондықтан тойларыңыз құтты болсын! Әр уақытта қуанышта, қызықшылықта жолығайын, халқым.

Артынша батырлардың киімін киген алыптар дауыс берді. Олар алғашында жұртшылықты есік аузынан күтіп алып тұрған болатын.

Ал Канн фестивалінің лауреаты, актриса Самал Есләмова таңдауын өзі тіркелген учаскесінде жасады. Петропавлға қазір сирек келетін ол, туған жерінде дәл тарихи сәтке тап болғанына қуанышты.  

Самал Есләмова, актриса:

- Адам баласы болғасын жақсылық күтеміз. Жақсыға үміттенеміз, сол үшін өмір сүреміз. Бәрі де жақсы болады деп сенемін. Білемін. Жақсы өзгерістер болса, оны қолдаймыз.

Осылайша қазақ өнерінің аңызға айналған тұлғалары мен жұлдыздары елдегі елеулі оқиғаны еркерусіз қалдырмауға тырысқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде