{metadescription}
100 жастағы Мәриям Жұмашева референдумға қатысып, батасын берді
100 жастағы Мәриям Жұмашева референдумға қатысып, батасын берді

100 жастағы Мәриям Жұмашева референдумға қатысып, батасын берді

Референдумға маңғыстаулықтар да белсенді қатысуда. Дауыс беруге келгендердің арасында 18-ге енді толған жастар мен ғасыр жасаған қариялар бар. Мұнайлы өңірде жасы 100-ге таяп қалған 11 тұрғын бар.

Олардың жүріп-тұруы қиын болғандықтан, сайлау комиссиясының Ақтау қаласының іргесіндегі Өмірзақ ауылының тұрғыны 100 жастағы Мәриям Жұмашева республикалық референдумға қатысты. Бір ғасыр жасаған ақжаулықты әже  алты бала тәрбиелеп, 32 немере, 12 шөбере сүйіп  отыр. Тыл ардагері әлі де тың. Ел арасындағы жаңалықтарды немере, шөберелерінен сұрап отырады. Ол бүгінгі саяси науқанды да қуана қабылдап, үйден дауыс беру үшін сайлау комиссиясы мүшелерін шақыртты.

Мәриям Жұмашева, Өмірзақ ауылының тұрғыны:

- Барлық ауызбіршілік болсын, ырыс-несібе мол болсын. Қатысып жатырмын. Барлық уақыт жақсы күн болсын, сайлау кейіні құт болсын! Менің жасымды беріп, Алла тағала сендерге де жақсы күн берсін. 

Жалпы Маңғыстау облысындағы аудан, қалаларда 231 сайлау бөлімшесі бар. Онда заңнын бұзылмауын 651 бақылаушы қадағалауда. Аймақтағы дауыс беруге құқы бар азаматтардың саны 400 мыңнан асады.

Вахталық тәсілмен жұмыс істейтін мұнайшылар да өз таңдауын жасауда. Ол үшін мұнай кеніштерінде арнайы бөлімшелер ұйымдастырылған.

Жармағанбет Айтуаров, Маңғыстау облысы аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Алыстағы мұнай мекемелерінің, мұнай кен орындарында да арнайы референдум учаскелері жұмыс істеп тұр. Әскери орындарда да жасауда. Қазір таңертеңгі 7-ден бері Маңғыстау облысында реферундумға дауыс беретін азаматтардың белсенділігі жақсы деп айтуға болады. Қоғамдық ұйымдардан, БАҚ-тан 630 адам бақылап отыр.

Әскерилер де референдумға бейжай қарамай өз таңдауын жасады. Осы уақытқа дейін 5000-ға жуық әскери қызметшілер мен сарбаз саяси науқанға қатысып, дауыс беріпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде