Жамбыл облысында 91678 бөлімінің әскерилері таңғы алтыда дауыс беріп үлгерді
Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің бірі еліміздегі ең ерте дауыс бергендер есебінде ерекшеленді. 91678 әскери бөлім басшылығы орталық сайлау комиссиясына өтініш беріп, таңғы алтыда дауыс беруге рұқсат алған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
05.06.2022
Келісімшарт негізіндегі қызметкерлер мен жауынгерлер небәрі жарты сағатта таңдау жасап үлгерді. Әскерилердің саяси науқанға үн қосуға не үшін асықты?
Жуалы ауданындағы 91678 таулы –егерлік әскери бөлімшесі. Стратегиялық маңызы бар нысандағы әскерилер мен сарбаздардың саны ашық айтылмады. Олардың негізгі міндеті – атқа мініп аудағы адам аяғы көп жүрмейтін жерлерді бақылау.
Сап түзеп әндеткен сарбаздар сайлау учаскесіне қарай бет алып барады. Көңілдері көтеріңкі екенін аңғрау қиын емес. Көптің арасында мұндай саяси науқанға ең алғаш қатысушылар да бар. Солардың бірі – Мадияр Мәулетбеков. Шығыс Қазақстанның тумасы төрт ай бұрын әскер қатарына шақыртылған. 18 жастағы жауынгер бүгін таңдауын жасады.
Мадияр Мәулетбеков, сарбаз:
- Осы референдумда болашағымызға, ертеңімізге жақсы жаңалықтар келеді деп есептеймін. Бұл менің бірінші рет дауыс беруім. Сайлауларға бірінші рет қатысып тұрмын. Өз шешімім «Ия» деген жауапты қабылдадым.
Әскери бөлімше еліміз бойынша ең алғаш дауыс бергендердің бірі. Қашан да қырағы жүруі тиіс жауынгерлердің кестесі тығыз. Бірақ бүгін тіршіліктерін тұралатпас үшін уақытын өзі үнемдеуді ұйғарыпты. Орталық сайлау комиссиясына өтінішпен шығып, сайлау уческесін бір сағат ерте ашуға рұқсат алған.
Алтай Ташкеев, 91678 әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
- Өйткені бізде демалыс күні болғандықтан, демалыс жоспарына сәйкес, әскери қызметшілер соған байланысты өз ісқиымалдарын атқаруы керек.
Сайлау учаскесіне ерте келгендер ерте қайтты. Барлық әскерилер мен жауынгерлер небәрі жарты сағатта дауыс беріп үлгерді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!