{metadescription}
Референдум: 272 халықаралық бақылаушы қалт жібермей қадағалады
Референдум: 272 халықаралық бақылаушы қалт жібермей қадағалады

Референдум: 272 халықаралық бақылаушы қалт жібермей қадағалады

Республикалық референдумның барысын 25 елден келген 272 халықаралық бақылаушы қалт жібермей қадағалап отыр. Таңнан бері учаскелерді аралап жүрген шетелдік делегацияның өкілдері саяси науқан әділ әрі ашық, бастысы әлемдік талапқа сай өтіп жатыр деген баға берді.

Олар халықтың белсенділігі мен учаскелердің дайындығын да ерекше атады.

Ұзарбек Жылқыбаев, халықаралық бақылаушы (Қырғызстан):

- Бүгін дауыс беру процесін көрдік. Ешқандай заңбұзушылық жоқ. Барлық шарттар орындалған. Денсаулығынан мүмкіндігі шектелген адамдарға да шарттар орындалған. Референдумның өткізілуі барлық халықаралық талаптарға жауап береді. Мейрамдық мағынада референдум өтіп жатыр десек те болады. Сондықтан Қазақстанның азаматтары белсенді келіп жатыр.

Бақылаушылар бас-аяғы 11 халықаралық ұйымнан келген. Олардың қатарында ТМД-ның бақылаушылар миссиясының атынан 144 адам жүр. Қалғаны Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілдері. Олар референдумда дауыс беру халықаралық талаптарға сай өтіп жатқанын және ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін жеткізді. Шетелдік мамандар саяси науқанды ұйымдастыруға мемлекет тыңғылықты дайындалғанын да атап өтті.

Михаил Лебединский, халықаралық бақылаушы (Ресей): 

- Қазақстанның сайлау жүйесі азаматтардың конституциялық құқығын пайдалануға толық мүмкіндік береді. Мемлекет референдумға өте жоғары деңгейде дайындалғанын көріп отырмыз. Барлығы жақсы. Дауыс беру процесі кемшіліксіз, бірқалыпты, халықаралық талапқа сай өтіп жатыр. Учаскелік комиссиядағылар мен халықтың көңілкүйі де көтеріңкі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде