{metadescription}
16 сағатқа жоспарланған «Референдум» онлайн-марафоны жалғасып жатыр
16 сағатқа жоспарланған «Референдум» онлайн-марафоны жалғасып жатыр

16 сағатқа жоспарланған «Референдум» онлайн-марафоны жалғасып жатыр

16 сағатқа жоспарланған «Референдум» онлайн-марафоны жалғасып жатыр. Түнгі бірге дейін өтетін ауқымды шара аясында сарапшылармен сұхбат, түрлі тақырыптағы талқылаулар мен референдумның өткізілу барысы көрермен назарына ұсынылады.

Марафонды онлайн ұлттық арна эфирі  мен республикалық телеарналардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады.

Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:

- Жақсы саяси мәдениет. Бір жерде әртүрлі көзқарастағы әр түрлі партия өкілдері жиналып, өз ойымен алмасып, талқылау алаңдарына қатысуы сайлау науқаны мен референдумға мейрам дәрежесінде өту, оған үлкен сеніммен қарау, одан жақсылық іздеу.

Марафонда маңызды ақпарат, мазмұнды сұхбат, ашық талқылау, музыкалық қойылымдар да ұйымдастырылады. Шараға мыңнан астам қонақ, 300-ден астам сарапшы қатыспақ. Медиа мамандар бүгін «Телеарна және интернет: көрермен мен жарнама үшін күрес» деген тақырыпты да қаузады. Отандық БАҚ өкілдері мен блогерлер осы мәселеде пікір алмасты. 

Дискуссия барысында сөз бостандығы, мемлекеттік арнаға қойылатын талаптар, ақпараттың шынайылығын тексеру тетіктері тілге тиек етілді. Депутаттар, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, әр саладағы белсенді жастар мен мәдениет, спорт саласының өкілдері де түрлі тақырыпты талқылап жатыр.

Мақсұтбек Айтмағамбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы:

- Марафон өзіме қатты ұнады. Біріншіден, шынайы ашықтық бар. Одан кейін осы қоғамда болып жатқан сұрақтар бар. Әр түрлі айтылып жүрген нәрселер бар. Соның барлығын ашық түрде талқылап жатырмыз. Айтып жатырмыз. БАҚ туралы, блогерлер туралы үлкен мәселе көтерілді. Өзіме қатты ұнады. Мұндай марфондар көбірек болса.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде