Референдум: Шетелдегі отандастарымыз да қалыс қалмады
Сайлау учаскелері астана уақыты бойынша 20,00 де жабылуы тиіс. Орталық сайлау комиссиясында да біздің әріптесеріміз таңнан бері қызу жұмыс істеп жатыр.
Автор: Елдос Есенбол
05.06.2022
Жексенбі болғаны әсер етті ме, ел тұрғындары кешке дейін өз таңдауын жасап тастағандай. Оған әр екі сағат сайын жаңарып отырған орталық сайлау комиссиясының мәліметі дәлел.
Мысалы 16:00 мен 18:00 дегі статистикада аса қатты айырмашылық жоқ. Астана уақытымен 18:00- дегі ақпарат бойынша Алматы қаласы 30 пайызға жете алмаса, ал Түркістан облысы 78 пайызбен бірінші орында.
Шетелдегі отандастарымыз да қалыс қалмады. Мысалы, Токио қаласының тұрғыны Әлижан Сәлиев референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық.
Ал Оңтүстік Кореяның астанасындағы №258 учаскеге алғашқы болып қазақстандық отбасы Кәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді. Олар Сеулде 10 жылдан астам уақыт тұрып жатыр.
Көршілес Ресейде бірнеше сайлау учаскесі құрылды. Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбыдағы сайлау учаскелері қазақстандық сайлаушыларға қызмет көрсетті.
«Мәскеудегі сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды», - дейді сыртқы істер министрлігі.
Уақыт белдеуіне байланысты Солтүстік Америкада Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада сайлау учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-де ашылды.
Жалпы шет елдегі дауыс беру учаскелерінде де ешқандай тәртіп бұзу байқалмайды дейді. Келесі брифинг сәлден соң басталады. Онда ел азаматтарының саяси науқандағы белсенділігінің жаңарған ақпараты айтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!