Демократия Институты: 79,4% референдумға қатысушы ел Конституциясына Президенттік түзетулер пакетін қолдады
Бүгін өткен референдум аясында КТК телеарнасы «Демократия институты» ҒЗҚ өз бастамасымен өткізген exit poll – сайлау учаскелерінен шығу кезіндегі сауалнамаға ақпараттық қолдау көрсетті. Институт интервьюерлері дауыс беру күні 15000 адамнан сұхбат алды. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы, барлық облыс орталықтарындағы, ірі және шағын қалалардағы, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі 375 сайлау учаскесінде жүргізілді. Іріктеме қателігі ±2,7%.
06.06.2022
Күні бойы интервьюерлер сауалнама нүктелерінде азаматтардың белсенділігін тіркеді. Демократия Институтының экзит-полл деректері бойынша қатысу 66,3% болды. Экзит-полл қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген түзетулерді референдумға қатысушылардың 79,4%-ы қолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!