{metadescription}
Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізілетін болды
Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізілетін болды

Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізілетін болды

Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданады. Осылайша Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. Орталық сайлау комиссиясы референдумның қорытындысы туралы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі, яғни сегіз миллионға жуық адам саяси науқанға қатысқан.

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі:

- Енді ресми түрде газет беттерінде жарияланғаннан кейін күшіне енетін болады. Яғни бүгін қорытындысын берсек, ертеңнен бастап ресми газеттерде жарық көреді. Сонан кейін күшіне енген болып есептеледі.

Елдің 68 пайызы 5-маусымда дауыс беруге келген, яғни 11 миллион адам.  Оның алты миллионы өзгерістерді қолдаған. Қарсы дауыс бергендер де бар. Оның үлесі 18,66 пайыз немесе бір жарым млнға жуық тұрғын. Референдумға қатысу жағынан Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары белсенділік танытыпты.

Алматы қаласындағы №2 сайлау учаскесінің бюллетеньдері түгел есепке алынбаған. Өйткені қоғамдық бірлестіктің өкілі комиссияның екі мүшесі бірнеше бюллетеньді жәшікке салғанын видеоға түсіріп алған. Анықтай келгенде олар туыстары үшін дауыс бергенін мойындапты. Сол учаскеге тіркелген жақындарының өтінішін жерге тастай алмаған. Соның кесірінен ондағы жәшіктегі барлық бюллетень саналмайтын болды.   

Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі:

- Сол жердегі бүкіл дауыс берген азаматтардың барлығының дауысы жарамсыз деп табылады. Себебі, ол бізде Қазақстан Республикасының референдум туралы заңының 21,31 баптарына сүйене отырып, біз оны жарамсыз деп таныдық. 524 адамның дауысы жарамсыз деп танылды. 2500 адам тіркелген, оның ішінде 524-і келіп дауыс берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде