Асхат Аймағамбетов: Бала алдымен туған тілінде сөйлеп, жаза алуы керек
«Тиісті шешім қабылданды.» Министр Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоның екіге бөлінетінін растады. Бұл өз кезегінде оқыту жүйесіне оң әсер етуі тиіс дейді ол. Өткен аптада ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсынған. Ведомствоның бір бөлігі жоғары білім беру және ғылым мәселелерімен айналысады.
Автор: Елдос Есенбол
07.06.2022
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Шешімді бәріңіз естідіңіздер. Енді оны жүзеге асыру жағын ойластыру керек. Бізге тиімді жолын қарастырған жөн. Ең бастысы, білім саласының дамуына оң әсер етуі қажет. Алдағы уақытта Үкімет министрліктің құрылымы, нақты жобасы туралы шешім қабылдайды. Сол кезде анығын елге хабарлаймыз.
Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылынан бастап қазақ мектептеріндегі бірінші сыныптарға тілдік пәндер оқтылмайтынын мәлімдеді. Ал екінші сыныпта орыс тілі қосылса, үшіншіде ағылшын тілі сабағын оқыта бастайды. Орыс тілінде білім беретін мектептерде бірінші сынып оқушысына орыс тілі мен мемлекеттік тілді қатар оқытса, үшінші сыныптан ағылшын тілі басталады. Зерттеулер мен талдаулар жаңа мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге үш тілді қатар меңгеру қиынға соғатынын көрсетті. Сондықтан алдымен баланың туған тілінде сөйлеп, жаза алуына жағдай жасау керек дейді Асхат Аймағамбетов. Бұндай ұсыныс министрлікке бұрын да бірнеше рет түскен екен.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Қазіргі уақытта бізде қалай? Қазір бірінші сыныпқа келгенде алты жасар бала үш тілді бірдей алып жүруі керек. Сонда үш әліппесі бар дегенді білдіреді. Бұл дидактика мәселесіне байланысты. Бұл әдістемеге байланысты. Бұнда ешқандай әсерін іздеп қажеті жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!