{metadescription}
БҚО-да ірі бұршақ бау-бақша өнімін құртып кетті
БҚО-да ірі бұршақ бау-бақша өнімін құртып кетті

БҚО-да ірі бұршақ бау-бақша өнімін құртып кетті

Батыс Қазақстанда ірі бұршақ жауып, бау-бақшадағы жеміс, көкөністі талқандап тастады. Табиғаттың тосын мінезі санаулы минутта бірнеше ауылға зиянын тигізген. Кеше күндіз сағат бес шамасында жергілікті халық: «Бұрын-соңды жаумаған ірі бұршақты көрдік» деп күйінеді.

Әп-сәтте күшті жел тұрып, арты жаңбырға ұласқан. Ол аздай, соңынан ірі бұршақ жауыпты. Бірнеше минут тоқтаусыз төпелеген мұз түйіршектер елді әбігерге түсірген. Бау-бақша өнімі жұрттың көз алдында тас-талқан болып жатты. Дәрменсіз тұрғындар еңбегінің құрдымға кеткенін қараумен шектелген. Диқаншылар да орасан шығынға батқан. Ашық аспан асындағы көкөністі бұршақ тұгін қалдырмай құртқан. Зардап шеккендер жайында дерек жоқ, тек бір үйдің шатырына зақым келген.

Әубәкір Төлеуов, Достық ауылының әкімі:

- Бұршақтардан шаруа қожалықтарына шығын келді. Аздап өсіп қалған қызанақ, қиярларын құртты. Ауылдағы шатырларды да жұлып түскен. Оны жолдасы енді қалпына келтіремін деп айтып жатыр. Әкімшілік жағынан көмек керек болса, көмек беруге әзірміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде