Ақтөбеде дүкенде шекер жоқ болса да, қант тапшылығын мойындамай отыр
Ақтөбеде қант бағасын қадағалауға шыққан шенеуніктер дүкеннен шекер таба алмай әуреге түсті. Аймақ шекерге тапшы екенін әкімдіктегілердің ешбірі мойындағысы келмейді. Саудагерлер тығып отыр дейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.06.2022
Асқар Көкеев, Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
- Болмайды емес, бар. Көтерме бағасы қымбат. Мысалы, бізде мониторинг тобы қарап жүр. Солар, мысалы, шекерін шығармай жүр. Негізі, дүкендерде шекер бар.
- Дүкендер тығып отыр ма?
- Ондай да мүмкін, бірақ бар.
Ақтөбедегі шағын дүкендер көптен бері қант сатуды қойған. Өйткені көтерме сауда орындарынан табу қиын дейді. Шекерді аймаққа тасымалдайтын компаниялармен келіскеннің өзінде саудагерлер қымбатқа шығады деп ашынады. Бағаға қатысты тұрғындардың шағымымен қала әкімдігі жанындағы арнайы топ бірнеше дүкенге кіріп шықты. Барлығының сөресінде қант жоқ. Тек жалғыз бір дүкенде ғана бір қап шекер қалған. Оның келісін 670 теңгеден сатып жатыр. «Бағасын көтеруден басқа амал жоқ», - дейді дүкенші. Қант пен қоса, аймақта сұйық май бағасы да қымбаттаған.
Бибігүл Бабырова, сатушы:
- Неге дүкендерге шекер берілмейді. Қымбат қып әкеліп, қымбат қып сатамыз. Оны халық «Анвар» мен «Дина» базарына барып, екінің бірі кезекке тұра алмайды. Бізге шекер проблема. Сұйық майдың бағасы тағы көтеріліп жатыр, білетін шығарсыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!