Таксишілер мен курьерлер әлеуметтік пакетпен қамтылатын болды
Үкімет такси жүргізушілері мен курьерлерді әлеуметтік пакетпен қамтитын болды. Қазір елдеаталмыш салада еңбек етіп жүрген 500 мыңдай азамат бар. Пандемия кезінен бері онлайн платформалардың қызметіне сұраныс айтарлықтай артқан.
Автор: Елдос Есенбол
07.06.2022
Карантин шектеулері біздің елде ғана емес, әлемде жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін ашуға мүмкіндік берді дейді еңбек министрі Тамара Дүйсенова. Бірақ онлайн платформаларда жұмыс істеу азаматтарға қолайлы болғанымен, олар әлеуметтік кепілмен қамтылмаған. Мысалы, жұмыстан шығып қалсаңыз немесе жүктілігіңізге байланысты уақытша демалыс алсаңыз, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тиісті төлемді ала алмайсыз. Дәл осы қордан қазір жұмыссыз қалған 105 мың азамат бұрынғы еңбекақысының 40 пайызын алып отыр екен. Ал 300 мыңнан астам анаға жүктілігіне байланысты орташа жалақысы толық төленеді. Егер такси жүргізушілері мен курьерлердің жұмысын заңдастырсақ, ол азаматтарға да осы мүмкіндікті бере аламыз дейді еңбек министрі. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бұл жобаны қолдап, бюрократиялық кедергілерді жою керек деді.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін онлайн платформалардың негізгі операторларымен кездесулер өткіздік. Олармен бірге биылғы 1шілдеден бастап қамту схемасын пилоттық режимде жүргізу туралы шешім қабылдадық. Жұмыс нәтижесін жыл соңына қарай ұсынамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!