Семей тұрғынының үйінен 15 миллионнан асатын марихуана табылды
Семейде есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды. 38 жастағы азаматтың үйін тінткен кезде қара базардағы құны 15 миллион теңгеден асатын марихуана тәркіленді.
Автор: Үлан Нұрахмет
07.06.2022
Қолға түскен азамат шаһарға есірткі тасымалдап қана қоймай, сатудың да жолын жақсы ойластырған. Қаннен-қаперсіз үйінде жүргенде сау ете қалған арнайы жасақ 25 келі марихуана тапты. Бұл есірткі бір сәтте бес мың адамды есінен тандыруға жетеді дейді сақшылар. Әзірге ірі көлемдегі нашаны Семейге қайдан және қандай жолмен әкелгені белгісіз. Нашақорларды қарық қылмақ болған азаматқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Татьяна Карпова, ШҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникация басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- 335 дана полиэтилен пакетке салып, оны қала жастарына одан әрі сату үшін дайындап қойған. ҚР ҚК-нің 296-бабы ,4-бөлігі бойынша сараланады. Сот санкциясымен қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!