{metadescription}
Оңтүстіктегі құлықсыз жастарды ынталандыруға блогер мен кәсіпкерлер келді
Оңтүстіктегі құлықсыз жастарды ынталандыруға блогер мен кәсіпкерлер келді

Оңтүстіктегі құлықсыз жастарды ынталандыруға блогер мен кәсіпкерлер келді

Шымкентте не оқуы, не жұмысы жоқ құлықсыз 14 мыңға жуық жеткіншек бар екен. Қоғамда орнын таппай жүрген осындай жастарды ынталандыру үшін оңтүстікке белгілі блогер мен кәсіпкерлер келді.

Жас болса да жұртқа танымал, кәсібін дөңгелетіп жүрген белсенділер өздерінің қарапайым отбасынан шыққанын және жетістікке таныссыз-ақ жетуге болатынын түсіндірді.

Теd-Х форматындағы кездесуга қатысқан студенттер көкейінде жүрген сауалға жауап іздеді. Көпшілігі ауыр еңбексіз мол табысқа кенелгісі келетінін жасырмайды. Ал құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз деген ұйымдастырушылар кез келген кәсіптің шыңына жету үшін арманда, мақсат қой да, еңбек ет деп үндейді. Тек сонда ғана табыс еселене түседі.

Арман Әубәкір, «Адырна» қоғамдық қорының жетекшісі:

Ақша ақшаны әкелуі керек, табыс әкелуі керек. Айналымға жұмсау деген ұғым, түсінік әліге дейін қазақ қоғамында қалыптаспай келе жатыр. Жастар үлкендерді көріп өскендіктен оларда да жоқ. Мысалы, қымбат көлік алып қояды да, оны қарай алмай жүреді. Үлкен үй алып, кредитін төлей алмай жүреді. Ал оның орнына бір жақсы бизнес бастап, қиналмай өмір сүре алады. Осыны көп жастар түсіне бермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.