{metadescription}
Алматыдағы балмұздақ цехында төгілген аммиактан бес адам уланып ауруханаға түсті
Алматыдағы балмұздақ цехында төгілген аммиактан бес адам уланып ауруханаға түсті

Алматыдағы балмұздақ цехында төгілген аммиактан бес адам уланып ауруханаға түсті

Алматыдағы «Шин-Лайн» компаниясының цехында төгілген аммиактан бес адам уланып ауруханаға түсті. Балмұздақ өндіретін кәсіпорындағы мұздату құрылғысынан ақау шығып, 500 грамм аммиак ағып кеткен.

Әп-сәтте ауаға тараған  химиялық қосындының буымен тыныстаған бес қызметкерді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізуге тура келді. Қазір үшеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

Бауыржан Омаров, Алматы қаласы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

- Бес науқастың біреуі стационарлық емнен бас тартты оның жағдайы тұрақты болуына байдланысты. Төрт науқастың үшеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.  Жағдайы ауыр. Бірақ тұрақты. Қалған бір науқас токсикология бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы орташа қалыпты, тұрақты. Кеше келген кезде біріншісінің есі толық болмады. Құсу, жүрек айну белгілері болады.

Ал қызметкерлері өлім аузынан қалған «Шин-лайн» компаниясы оларға орташа 500 мың теңге өтемақы беріледі деп жайбарақат отыр. Тексеріс қорытындысы шықпайынша, кінәліні іздеуге асықпайды. Аммиак тараған цехта түнгі ауысымда 60 адам жұмыс істеген. Олар өндірген 400 келіге жуық балмұздақ сатылымға жіберілмегенін жеткізді. Оқыс оқиғадан кейін жұмысын тоқтатқан цех бүгін ешнәрсе болмағандай қайта іске қосылды. Оны енді ауада аммиактың жоқтығымен байланыстырады. Айта кетейік, Алматы қаласының полиция департаменті осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Владимир Пак, «Шин-Лайн» компаниясының директоры:

- Өзіміз жүргізген тексеріс қорытындысына сүйенсек, ақау фризердің резеңке жабындысынан шыққан. Иіс шыға бастағанда қызметкерлер бірден сыртқа жүгірген. Таңғы төрт шамасында болды. Алты адамның жағдайы ушыққан, жедел жәрдем қызметін шақырдық. Екеуі сосын ауруханаға жатудан бас тартты.Өндірісте аммиак негізінен мұздатқыш ретінде пайдаланылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде