{metadescription}
0:000:00
Жаңа үш облысқа бекітілген мәслихат депутаттары жаңа әкімдерді тағайындайды  

Жаңа үш облысқа бекітілген мәслихат депутаттары жаңа әкімдерді тағайындайды  

Қазақстан картасында ресми түрде үш облыс пайда болды. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының шекарасы сызылып, аумағы бекітілді. Өз алдына отау тіккен жаңа өңірлердің құрамына кіретін қала, аудан мен ауылдар да белгілі болды.

Қазір арнайы құрылған комиссия осы аймақтарға бөлінетін бюджет көлемін қайта есептеп, мемлекеттік қызметкерлердің санын көбейту және жаңа әкімдікке орналастыру мәселесін пысықтап жатыр. Алдағы уақытта үш облысқа бекітілген мәслихат депутаттары жаңа әкімдерді тағайындайтын болады.

Қазақстан картасында ресми түрде үш жаңа облыс пайда болды. Елімізде енді 17 өңір мен үш республикалық маңызы бар қала бар. Жаңа өңірлердің шекарасы сызылып, аумағы толық бекітілді.

Орталығы Семей атанған Абай облысының құрамына сегіз аудан мен Курчатовты қосқанда, екі қала енді. Алайда өз алдына отау тіккен өңірді кім басқаратыны белгісіз.  Жаңа облысқа жасақталған мәслихат депутаттары аймақ басшысын сайлау үшін Президенттен пәрмен күтіп отыр.

Әсемқан Досқожанов, Мәслихат депутаты:

- Оны қашан Президент ұсынады, сонда ол кісілерді біздің депутаттар сайлайды. Екі адам болады деп отыр. Енді жұмыс басталады. Әлі заң болмай, біз облыстың жұмысын істей алмадық.

Ресми түрде Ұлытау облысының орталығы болған Жезқазған қаласының инфрақұрылымын дамытуға қыруар қаражат керек. Жаңа өңірге бекітілген мәслихат депутаттары жезді шаһарда түйіні тарқамаған түйткіл көп екенін жеткізді. Жылдар бойы шешілмей келе жатқан таза ауыз су мәселесі өткір. Қала ішілік жолдар мен орталықтың қазіргі келбеті де мәз емес. Сондықтан облыс орталығы мәртебесін алған қалаға келетін мамандарды баспанамен қамтуға 50 млрд теңге, әкімшілік ғимараттар тұрғызуға 13 млрд теңге керек екен.

Нұржан Орынбаев Мемлекеттік органдарды орналастыру бойынша мемлекеттік комиссия төрағасы:

Жезқазған қаласының батыс тұрғын үй аумағында жаңа қала әкімшілігі орналасатын болады. Онда 7 ғимарат салынады деп жоспарланған. Жезқазғанға көшіп барып тұратын мемлекеттік қызметкерлерге 162 мың шаршы метр тұрғын үй салу керек. 31 млрд.теңге сомасында инженерлік инфрақұрылым тарту керек болады.

Бір ай бұрын атауы өзгерген Қонаев қаласы бүгіннен бастап Алматы облысының орталығы. Жаңа өңірге бұдан былай 382 елдімекені бар 9 аудан мен бір қала кіретін болады. Облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы қазір шығын көлемін, штат санын қайта бөлу және мемлекеттік органдарды осы моноқалаға орналастыру жөніндегі мәселелерді әлі пысықтап жатыр. Жарты ғасырлық тарихы бар шаһардың бас жоспары қайта әзірленуде.

Өйткені бар-жоғы 30 мың тұрғыны бар шағын қалаға алдағы уақытта Талдықорғандағы мемлекеттік қызметкерлер келеді. Жаңа әкімдік құрылады. Қазір мемлекет қайраткерінің есімі берілген қала тіршілігіне қан жүгірген. Жол жөнделіп, жаңа үйлер бой көтеруде. Облыс мәртебесін алған Қонаевта бірнеше айдың ішінде баспананың бағасы да шарықтап шыға келген.

Дамир Қалқадамов, Қонаев қаласының тұрғыны:

- Қазір қаланың ішінде былтырғыдай емес, кәдімгідей айырмашылық бар. Қаламыз көркейіп жатыр, қай жағынан қарасаң да. Бұрынғы ескі үйлерді қайта қалпына келтіріп жатыр. Үйдің бағасы қатты қымбаттап кетті. Екі бөлмелі пәтерді үш ай бұрын 8,5 миллионға алғанбыз. Қалай Қонаев атымен аталды, үй бағасы 4-5 миллионға көтеріліп кетті. 

Талдықорған Жетісу облысының орталығы болып жеке дара шықты. 650 мыңға жуық халық бар жаңа өңірге Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары кірді. Бүгін жаңа облыс орталығында мәслихат отырысы өтіп, оның құрамына 19 депутат бекітілді. Алдағы уақытта Жетысу өңіріне бөлінетін бюджет қайта қарастырылмақ.

Мәслихат депутаттары мемлекет басшысының үш облысты құру туралы шешімі аймақтардың дамуына тың серпін беретініне сенімді. Сондықтан алдағы уақытта тағайындалатын жаңа облыстың басшыларына артылатын жүк –ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.